21 қыркүйек халықаралық бейбітшілік күні
Қазіргі кезде ұлтаралық қатынасқа байланысты көп айтылып жүр. Соған байланысты бір танысымның өз басынан өткен оқиғасын айтып берейін. Жұмысыма байланысты қалааралық іссапарға жиі шығатынмын, қыс, жаз демей жолға шыға берем. Қыс кезі еді, солтүстіктің қақаған аязы, оның үстіне боран да бар. Сондай іссапарлардың бірінде, бір ауылдың тұсында боранға ұрынып жолда қалдым. Күн қысқа, сағат төрттерден кете түнере бастады. Құрғыр көлік опы қардан жүретін емес. Жан керек болған соң көлікті бастап, әлгі ауылға тарттым. Ең бірінші кездестірген үйге кіріп жағдайымды түсіндірдім. Әбден шаршаған, тоңған адамға ыстық шайларын берді. Сөйтіп, көлікті не істеуге болады, қандай да бір трактор бар ма ауылда деп сұрағанымда, анау Ваняда бар ғой, деп үй иесі екеуіміз әлгі Ваняның үйіне тарттық. Ваня дегені ең…