Көрген,білген, ойға түйгендерім
Осыған дейінгі көрген білгендерімді осылай қорыттым. Осы сөздерім бір керектеріңізге жарап қалар деген ойдамын : Өзің-өзіңе ұнамай басқаға ұнай алмайсың! Ешқашан ешкімді өзіңнен кем санама, артық та санама. Алла барлығымызды тең етіп жаратқан. Ақылды болу деген әр нәрсенін өз орнын білу. Ең әлсіз адам- сылтау айтатын адам. Жеке тұлға болып қалыптасу өмірлік позицияның қалай құрылуына байланысты. Айналасындағыларды өзіне тек күштілер ғана еліктіре алады, ал әлсіздер тек еліктеп қалады. Адамның артықшылығы көргендігінде. Бір жанды түсіну үшін өзіңді сонын орнына қойып көр. Мінсіз адам болмайды. Ондай адам бар деп есептесең , сен оны дұрыс танымағансың. Адамның жауы- жалқаулық. Барлығы уақытша. Өтеді, кетеді. Тек ізі ғана қалады. Жаман адам болмайды. Тек жақсы бағаланбаған адамдар болады. Жо…