БЕСІК – Даналықтың белгісі ме, әлде ақымақтығымыздың БЕЛГІСІ МЕ?
Маған, бала кезімде әжем, апам «Бесікте жатқан баланың денесі, аяғы түзу өседі, бала таза болады» дейтін. Ал мен өзімізді, яғни қазақтарды, бесікті пайдаланбайтын елдердегі азаматтармен салыстырсам, керісінше екен. Бесікті пайдаланбайтын елдердегі азаматтардың бойлары да, аяқтары да ұзындау, әрі түзурек, ой-өрісі де, мәдениеті де жоғары, санасы проблемалардан (уайымнан) тазарақ. Сана неғұрлым таза болған сайын, санада соғұрлым бос кеңістік үлкен болады, ол кеңістік еркін ойлауға, яғни өмірге жаңалықтар енгізуге, жаратуға мүмкіндік береді. Ұлы ғалымдар сол елдерден шығады, біз пайдаланып отырған барлық техника мен электрониканы, үйіміздегі қасық, вилка, шәйнекке дейін солар ойлап тауып, солар шығарып отыр, керек болса киіп жүрген киімдерімізді де солар шығарады. Ал біз тұтынушымыз (потреби…