Мазмұнға өту
GenprokRK

ГП РК

@GenprokRK

Сайтта 2013 ж. 21 ақпанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 092

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

0

Қазақстан мен Италия арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарттарға қол қою туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-men-italiya-arasyndagy-kylmyskerlerdi-ustap-beru-turaly-zhne-kylmystyk

0
0
487

Мемлекеттің экономикалық мүдделері қорғалуда

Мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың сақталуы мәселелері Жамбыл облысы прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.

2014 жылы қадағалау тексерістері барысында экономикалық мақсатқа сәйкестілікті, бәсекелестік нарықты, сондай-ақ маңызды әлеуметтік объектілерді есепке алмай, объектілерді жекешелендіруге жататын тізімге негізсіз енгізу фактілері анықталған.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/memlekettin-ekonomikalyk-muddeleri-korgaluda

0
0
331

Мемлекетаралық келісім-шартқа қол қою рәсімі туралы БАҚ үшін аңдатпа

2015 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы мемлекетаралық келісім-шартқа қол қою рәсімі өтеді.


http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/memleketaralyk-kelisim-shartka-kol-koyu-rsimi-turaly-bak-ushin-andatpa

0
0
398

Бас прокуратура жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуына тексерісті бастады

Бас прокуратура Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін енгізу жағдайында материалдар мен қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау барысында жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге көшу жөніндегі ережелерді сақтау бойынша қабылданып отырған шаралардың заңдылығы, толықтығы және уақтылығына тексерісті бастады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhana-kylmystyk-zannamanyn-koldanyluyna-tekseristi-bastady

0
0
272

Азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы «Облыстық «Сарыағаш» балалар шипажайы» МКҚК-да (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарының сақталуына және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізу барысында кәсіпорынның 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларына 78 қызметкеріне жалпы сомасы  6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары бойынша берешек туындағаны анықталды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/azamattardyn-enbek-kukyktary-korgaldy-0

0
0
264

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағаны туралы ақпарат (Астана қ., 2015 жылғы 14 қаңтар)

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері негізінен қылмыстықжәне әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы шағымдарға қатысты болды.

Бас Прокурор келген азаматтарды тыңдаған соң шағымдарды мұқият зерделеп, заң бұзушылық анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-azamattardy-kabyldagany-turaly-akparat-astana-k-2015-zhylgy-14

0
0
174