Келер жылдан бастап нөмір өзгертпестен байланыс операторын ауыстыра аласыз
1 желтоқсанға дейін тіркелмеген нөмірлерді тіркету туралы ескертуді барлық Қазақстандық алды. Мұны сан-саққа жүгірткендер көп болды. Әсіресе әлеуметтік желі бетінде түрлі пікір жазылды. Билік бүкіл қазақстандықты ұялы байланыс арқылы бақылауда ұстамақшы, қылмыс көбейіп кетті бақылағаны дұрыс деген пікірлер жиі жазылды. Сөйтсек, бұл 2015 жылы Қазақстанда енгізілетін Mobile Number Portability жобасымен байланысты екен. Анықтап айта кетейік Mobile Number Portability — бір ұялы байланыс операторынан басқа ұялы байланыс операторына нөмірді алмастырмай-ақ өту жүйесі. Мысалы: сіз қазір Асtiv-ті қолданып жүріп, Теле2-ге өткіңіз келсе, еш кедергісіз нөмір ауыстырмастан көше бересіз. Бұл туралы байланыс операторларының өздері мәлімдеді. Мысалы: Ls.kz сайтында берген сұхбатында Теле2 компаниясының б…