Эстетикалық мәдениет және оның түрлері
Эстетикалық мәдениет және оның түрлері Эстетикалық мәдениет өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым болып табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өзінің консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқыраудың белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үйдің интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызудың өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эст…