«Жастар Отанға» лагері- үлкен мектеп!
Бұл жазғы демалысымды мен, сөссіз, керемет өткіздім. Соның бір себебі, әрине, «Жастар Отанға» лагеріне қайта баруым. Бұл лагерь мен үшін үлкен мектеп! Себебі, ол тек демалыс орны болып қана қоймай, соған қоса, бізді, жастарды, жаңа белестерді бағындыруға үйретеді және соған талпыныс береді; бізді әр түрлі ортада еркін сезінуімізге үйретеді; жаңа таныс-достарымызбен бір топ болып жұмыс істеуімізге қолқабыс етеді. «Оны неден көруге болады»- деген сұрақ туындайды. Күнделікті оқытылатын лекциялар, тренинг-сабақтар, ойындар, кездесулер осының дәлелі болып табылады. Менің ойымша,бұл жоба жалғасын табу керек, әрі қарай өмір сүру керек. Кез келген істің ақ жолымен бірге қара жолы да қатар жүреді. Мұндад да жоқ емес, бар. Менің ойымша, ең алдымен, фасилитарторларды оқытуға көбірек уақыт бөлінуі қа…