Махаббат па? Махаббат болған менде ...
Махаббат па? Махаббат болған менде. Жиі барғам аққулар қонған көлге. Ал, қазір тоңған жүрек, солған кеуде. Ғашықтық па? Ғашық та бола білгем. Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен Жанымменен сүйемін, жанарыммен. Сағыныш па? Калай оны тауыса аламын. Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын, Ақыры шаршағамын, шаршағамын. Сүйгенім бе? Сүйгенім өмірде емес. Үйықтасам, түнде түсім, көңілде елес. Өлгенше кетер емес көңілден еш... Мұқағали Мақатаев Сүйсіне алмадым, сүймедім, Сүйегім жасып, сор қалың. Сүйісіп саған тимедім, Бола алмадым сенің жарың. Абай Құнанбаев Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу. Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу, Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу. Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр, Асқар…