Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні — 10-сынып. Мәдени мұра (қажетті ақпарат).
АВТОР: ҚАРАТАБАНОВ Р.Ә. МӘДЕНИ МҰРА Мәдени мұра - бұрынғы ұрпақпен жасалған, уақыт сынағынан өткен және ұрпақтан ұрпаққа бағалы және құрметті нәрсе ретінде жеткізілетін материалдық және рухани мәдениеттің бөлігі. Мәдени мұра объектісі - сақталған күйіне тәуелсіз біздің заманымызға дейін жеткен антропологиялық, археологиялық, эстетикалық, этнографиялық, тарихи, ғылыми немесе шығармашылық көзқарас тұрғысынан алғанда құнды және өзінің түпнұсқалығын сақтаған жер, құрылыс (туынды), кешен (ансамбль), солардың бөліктері, солармен байланысты аумақтар немесе су нысандары, басқа табиғи, табиғи антропогендік немесе адаммен жасалған нысандар. Мәдени мұра нысандарын жіктеу Мәдени мұра нысандарының типтері Құрылыстар (туындылар) - табиғи және адаммен жасалған элементтері бар сәулет өнері және инженерлі…