Көктемгі көңіл күй
Қазақтың қолданбалы сәндік өнері, әлемдік кеңістікте ұлттымызға тән ерекшеліктермен танымал. Ертеден бері жалғасын тауып келе жатқан бұл өнер саласы, бүгінгі таңда заманға сай жаңару жолында. Міне, осы заманауи өмір ырғағы мен ұлттық таным көрінісінің үйлесімділігін, жас гобеленші Бауыржан Досжановтың өнер туындыларынан байқауға болады. Шығармашылық жұмыстарының ішіндегі түстердің әр алуан реңктері арқылы көзге түсетін «Көктем» атты абстрактілі композициясы. Көктем мезгілінің нышаны қызғалдақ көрінісімен, жаңаруды меңзейді. Туынды динамикалық мәнерде беріліп, көктемгі көңіл-күйді сездіртеді. Кескіндемелік тілді гобелен тілімен үндестіру еркіндігі суретші шебердің аталған туындысында айрықша орын алған. Гобелен өнеріндегі ширектің кеңдігін шеберлікпен тоқи отырып, өзіндік көз қарасын, таны…