Таза балды қайдан табамыз?
Елімізге Ресейден және басқа да елдерден бал сатушылар жиі келеді. Олар барлық қалаларда бал жәрмеңкелерін өткізіп, өнімдерін тонналап сатады. Олардың келуін асыға тосып, алып қалуға тырысатын балқұмарлар аз емес. Оның себебі – өзімізде сапалы балдың жетіспеушілігінен болса керек. Балдың 70 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі екен. Бұл орайда олардың табиғи балы басқа облыстарға жете бермейді. Әрине, жер-жерлерде ата-бабасынан бері омарташылықты кәсіп етіп келе жатқан жекелеген адамдар баршылық. Алайда ол бүкіл елімізді болмаса да, сол аймақты қамтуға жете ме? «Бұл саланың басты проблемасы – бал өткеру, - дейді «Бал ара» Қазақстан омарташылары ұлттық одағының президенті Сергей Терещенко. - Қазіргі мақсат – еліміздегі бал тұтыну көлемін арттыру. Бүгінде бір адам жылына 50 грамм ғана бал же…