үштілділік бағдарлама
Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үш тілде білім беру мәселесі аясында жаңаша ой-пікір білдірген болатын. Министрдің пайымдауы бойынша, үштілділік бағдарлама негізінде ағылшын тілі емес, қазақ тілі болуы тиіс. Бүгінде елімізде орыс тілінде білім алатын 500 мың оқушы қазақ тілін меңгермеген. Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі, үш – төрт жылдың ішінде аталған жарты миллион мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретпек. Бұл мақсатқа жету жолында ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі әзірленуде. “Аталған әдістеме озық ғылыми зерттеулердің негізінде болады”,- дейді Е.Сағадиев. Өз кезегінде, бұл қазақ тілін алты айда толық меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған өзгерістерге қарап, жақын болашақта еліміздегі барлы…