Қоғамдағы діндарлық өлшемі
Қазіргі күнде қоғамда діндарлықтың өсуі туралы айтқанда оны оңды сипатта көру кең етек алған ұстаным деуге болады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері жылдар ішінде кеңес заманында біршама қағажу көрген дін саласы Қазақстанда қайта өркендеуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде діни бірлестіктер қоғамнан өз орнын алып, дін ұстанатын тұрғындар өз қажеттіліктерін еркін өтеуге кең мүмкіндіктер алды. Мемлекетіміз дінмен қарым-қатынасында зайырлы қағидаттарды басшылыққа алып, дін саласын заңнамалық тетіктермен реттеп отырады. Бұл тұрғыдан келер болсақ, бүгінгі таңдағы еліміздегі мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар мен діни ахуалды қоғамымыздың дәл бүгінгі даму ағымына сәйкес келетін оңды сипаттағы бағамдарымыз анық. Жалпы діндарлықтың өсуі зайырлы қағидаттарды ұстану арқылы жаңа даму жолына түскен елд…