Денис Мацуев «Astana Piano Passion» бірінші халықаралық байқау әділ өтетіндігіне сөз берді
«Байқауға қазылар алқасының шәкірттері қатыспайды. Қазылар алқасының құрамына әділ шешім шығара алатындар енді. Мұнда ағайынгершілікпен, тамыр-таныстықпен жүлде иемденуге жол берілмейді. Қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы таңдалуы да мүмкін. Бұл – байқаудың әділ өтуіне жағдай жасайды», - деді Ресейдің халық артисі. Музыкалық байқаулардың соңы дау-жанжалға ұласып жататыны баршаңызға мәлім, ал Астанада мұндай келеңсіздік болмайды, - деді Денис Мацуев. Сонымен қатар, ол жас дарын иелеріне байқаудың бірінші кезеңінде қаралатын бейнежазба жұмыстарын мұқият дайындауға кеңес берді. Өйткені, байқауда бейнежазбаға баса назар аударылады. «Чайковский байқауына алты ай қалғанда Гергиев (Валерий Гергиев – Кеңес және Ресей дирижері, Ресей мен Украинаның халық артисі) екеуміздің Чикагодағы концертімі…