Мазмұнға өту
Araika07

Araika07

Сайтта 2013 ж. 9 қаңтарКазахстан, Астана

Люблю жить)

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

4

Сен менің...М.Мақатаев

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен - менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын. .
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!..
Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!

P.s. Осындай сөздерді арнайтын жан бар екеніне қуанамын)

Уақыт: 00:55

4
0
7120

«Аққу» болғым келмейді....

Мен бүгін бір сұлуды кездестірдім. Адам баласының осындай сұлулыққа ие бола алатынын білмеппін. Қасы көзі қиылған, жүзінен нұр төгілген бұл қызды көргенде, өзімді ұсқынсыз үйрекке ұқсаттым. Ал, ол болса, аққу. Иә, иә – аққу. Беті – аппақ. Кіршіксіз таза. Безеудің ізі де көрінбейді. Қасы, шынымен де, қиылған. Технологияның қарыштап даму деп осыны айт! Қасың қандай формада болмасын, өскенде өзгертіп алуға болады. Мүлде ұнамаса не қасыңыз көрінбесе де, қорқынышты емес. Косметолог апайларымыз барлыған алып тастап, әдеміліеп тұрып сызып береді. Рахатын-ай! Сосын оған тиіспесең де болады. «Су шайып кетеді» деп алаңдамай-ақ қойыңыз. Оның бәрі ойластырылған. Көзі ше! Қарашығынан жылулық лебін сезбесеңіз де, көздері қарақаттай қап-қара! Бір көргеннен көңіл аударасыз. Кей күндері жасыл не көк болып…

1
0
750