Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Қ.Айтуғанов: Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды

Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды. Кооперативтерге орташа есеппен 3-4 қатысушы тартылады. Қорытындысында, ауыл шаруашылығымен айналысып отырғандарды толық кооперативпен қамту жүзеге аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. «28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс. Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды. Кооперативтерге орташа есеппен 3-4 қатысушы тартылады. Қорытындыс…

0
0
401

Алматы облысында 25 тонна қант өндіру жоспарланып отыр

Биылғы жиналған өнімнен Көксу қант зауыты осы маусымның алғашқы қантын алды. Зауыт ұжымын осы маңызды оқиғамен құттықтауға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы барды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көксу қант зауытының жаңғырту жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы кәсіпорынның құрылтайшысы Нұрлан Тілеубаев баяндап берді. «Биылғы жылы миллиард теңгеден астам қаржы құйып, кәсіпорынға жаңғырту жұмысын жасадық. Қазір барлық жүйелер автоматтандырылған, процестердің бәрі де бір оператордан басқарылады. Сонымен қатар фильтрлер ауыстырылып, бұл өз кезегінде өнімділікті көтеруге және электр энергиясының тұтыну мөлшерін азайтуға ықпал етті. Бұл біздің жұмысымыздың алғашқы кезеңі ғана, зауыттың жаңғырту жұмыстары келесі жылы да жалғастырылатын болады», - деді Н. Тілеубаев.…

0
0
400

ЭКСПО-2017-ге қатысуға «жасыл экономика» саласында үздік 100 әлемдік стартап іріктелді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан «Мұнай және газ, ақпараттық-талдау орталығы» АҚ #NEWENERGY global startup fest атты жаңартылатын және баламалы энергетика саласында стартап-жобалардың халықаралық байқауын өткізеді. NEWENERGY global startup fest – Қазақстан үшін, сондай-ақ, әлемдік маңызды іс-шаралардың бірі, себебі төменде берілген шраларды жүзеге асыруға мүмкіндік беред. Силиконды алқап, Тель-Авив университеті, ВР энергетикалық компаниясы, үлкен шетелдік бизнес-акселераторлардың өкілдері құрамына кіретін #NEWENERGY global startup fest байқауының халықаралық төрешілері а.ж. 27 қазанында негізгі кезеңде өздерінің өнертабыстарын көрсетіп және Астана ЭКСПО-2017-ге қатысуға мүмкіндік алу үшін күресетін баламалы энергетика және «жасыл экономика» салаларында ҮЗДІК 100 әлемді…

0
0
453

ҚР АШМ өңірлерді дамытудың проблемалық мәселелері бойынша кеңестің қорытындысын шығарды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы Министрі А.И. Мырзахметовтың облыс әкімдіктерімен өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелері бойынша өткізген кеңес қорытындысы бойынша брифинг өткізілді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызқметі. Айталық, ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап 21 қыркүйекке дейін Ауыл шаруашылығы министрімен іс жүзінде барлық облыс әкімдіктердің кеңестер өткізілді, 150-ден астам проблемалық мәселелер қарастырылды, оның 80-нен астамы бойынша нақты шешімдер қабылданды және бұл мәселелер кеңес отырысы барысында шешілді, қосымша пысықтауды талап ететін жүйелі сипаттатағы мәселелер бойынша, олар шамамен 70, Министрмен сәйкесінше тапсырмалар беріліп, хаттамаларға енгізілді және Министрлікт…

0
0
342

АИТВ бар адамдарды РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2015 жылы 79%-ды құрады

15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдер тобының қатарына кіреді. Бұл туралы Алматыда «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында өткен бірінші Ұлттық конференциясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. «Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде халықтың осал топтары арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ инфекциясы бар адамдар (әрі қарай – АБА) саны 17 726-ны құрады. Бұл «15-49 жас арал…

0
0
403

Астанада «Astana Musical» музыкалық театры таныстырылды

Астанада «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Достар серті» мюзиклінің тұсаукесерімен салтанатты түрде ашылды. Бұл «Astana Musical» жаңа музыкалық театрының алғашқы қадамы, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. «Astana Musical» - еліміздегі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Спектакльде жас актерлар өнер көрсетеді. Жаңа театр замануи бағыттарға негізделіп, отандық мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналмақ. «Бұл еліміз үшін маңызды оқиға. Ең алдымен, министрліктің бастамасы мен қолдауының арқасында аты аңызға айналған «Қазақконцерт» концерттік ұйымын сақтап қалдық. Қаншалықты қиын болғанымен, нәтижесінде сүйікті атауды сақтап, Астана қаласында бірегей ұйым құрдық. Бұл…

0
0
691

Н.Назарбаев: Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады

Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстанда жиын-терін науқаны аяқталып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені және бүкіл еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін айқын көрсететін аса маңызды оқиға. Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады. Өйткені, бұл жолы жиналған астық мөлшері – осы кезеңдегі ең ірі жетістіктің бірі. Астықтың жалпы көлемі 23 миллион тоннадан асты, бұл – былтырғыдан бір жарым еседей артық көрсеткіш. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының диқандары 5 миллион тоннадан астам астық алды. Қарағанды облысында миллион тоннадан астам астық жиналып, бұры…

0
0
322

«Бәйтерек» Холдингі 2016 жылдың соңына дейін 423 мың шаршы метр жалға беруді жоспарлауда

Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген бюджет қаражаты мен Ұлттық қор қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды жаңғырту» бағыты бойынша бағдарламаны іске асыру барысын талылау кезінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысының жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын және 2016 жылдың соңына дейін 423 мың шаршы метр жалға…

0
0
379

Қазақстанда онлайн-режимде көрсетілетін қызметтердің саны ұлғайып келеді

Онлайн-режим салық органдарына барлық жасалған операцияларға толық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. ҚР-да онлайн-режимге ауыстырылған қызметтердің саны артып келеді, деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында. «Біз болашақ электрондық шот-фактураларда екенін көріп отырмыз. Яғни барлығы электрондық түрде орындалады. 2014 жыл ішінде 116 мың электрондық шот-фактура жазылған. 2015 жылы – 800 мың, бүгінгі күні 3,5 млн-нан астам шот-фактура жазылған», - деді ол. 1 маусымдағы жағдай бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде 47 мың пайдаланушы тіркелген. Олардың ішінде ЖК - 10 мың, заңды тұлғалар - 16 мың, әр түрлі жеке тұлғалар - 20 мың. «Біз осыны болашақта тікелей бақылаудың то…

0
0
343

Талдықорғанда 510 орындық жаңа драма театр салынады

Талдықорған қаласында жаңа драма театрының қазығы қағылды. 510 орынға арналған заманауи үлгідегі 3 қабатты мәдениет ошағы қаланың жаңадан бой көтеріп келе жатқан Оңтүстік-Батыс ауданында орналаспақ. Ғимараттың қағызын қағып, капсуласын салу рәсімін облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге Қазақстанның халық әртістері, белгілі театр және кино актері Досқан Жолжақсынов, талантты режиссер Талғат Теменов, театр әртісі Алмахан Кенжебекова, сонымен қатар киноактер Әлімғазы Райымбек атқарды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жетісулық өнерсүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасы Нұрсұлтын Әбішұлы Назарбаевтың өнерге деген зор қамқорлығының арқасында осы ғимаратты салуға қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. “Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Талдықо…

0
0
571