Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

ЭКСПО аумағындағы нысандардың құрылысы 90 %-ға аяқталды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 20 қазан. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 %-ға аяқталды. Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі. «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын инвестициялайды. Ауданы 107 мың шаршы метр (1374 пәтер) 42 тұрғын үй салынды. Үйлерге сыртқы және ішкі желілер жеткізілді, пәтерлерді ішкі әрлеу, үйлердің қасбеттерін әрлеу аяқталды, аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде паркингтер, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларға арналған аудандар көзд…

0
0
403

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау бойынша байқауға мыңға жуық өтініш келіп түсті

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау бойынша байқауға мыңға жуық өтініш келіп түсті, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудың аралық нәтижелеріне арналған брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. «Логотип елдің барлық ерекшеліктерін қамтуы керек, автор барлығын сыйдыруға тырысуы керек. Біздің жетістіктеріміз бен артықшылықтарымыз көп, жұмысты тиянақты атқаруға тырысамыз. Біз Қазақстан халқына өздерінің көзқарастарын білдіріп, ұлттық брендті қалыптастыруға ұсыныс жасауын сұрадық», - деді Д.Абаев. Байқаудың мақсаты – ашық байқау арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық брендін қалыптастыру бойынша ең жақсы ұсынысты әзірлеу және анықтау. 2016 жылғы 31-тамыздан 15-қазанға дейінгі аралықта байқауға 965 өтін…

0
0
331

Алматы облысында ШОБ-та жұмыс істейтін адам саны 30 мыңға артты

Алматы облысында ШОБ-та жұмыс істейтін адам саны 30 мыңға артты, бұл туралы Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов 9 айдың қорытындысына арналған отырыста мәлімдеді. «Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 404,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,6%. Дәнді масақты дақылдар, картоп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, жүзімді жинау аяқталды. Жүгері, күріш, майлы дақылдар мен қант қызылшасын жинау жалғасуда. Барлығы 773,2 мың тонна астық бастырылды немесе өткен жылға қарағанда - 108,4%», - деді ол. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылға қарағанда 30,0 мың адамға артып, 281,9 мыңды құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 36,9 млрд. теңге түсті, жергілікті бюджет көлеміндегі үлесі 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 27% болса,…

0
0
549

ШҚО-дағы инвестфорумда 255 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды

Өскемен қаласында өтіп жатқан «Altai Invest-2016» Халықаралық форумының аясында 14 мемлекеттен келген қатысушыларға Шығыс Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары бойынша құны 927 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаның тұсаукесері өткізілді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. 20-21 қазан күндері Өскемен қаласында «Аltai Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Оған әлемнің 14 мемлекетінен 300-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында шет елдік және қазақстандық қаржы институттарының өкілдері, Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, Канада, ҚХР, АҚШ, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия, Чехиямемлекеттерінің инвесторлары мен дипломаттары бар. Инвесторларға облыстағы агроөнеркәсіп кешені, энергетика, туризм салалары бойынша 927 млрд теңгені құ…

0
0
292

Хельсинкиде Н.Нығматулин Финляндиядағы ірі бизнес өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияға ресми сапары барысында өндірісшілер конфедерациясы, финдік экспортқа ықпалдастық, технология мен инновацияны қаржыландыру жөніндегі өкілдермен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Жүздесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыға салынды. Н. Нығматулин өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «қазақстандық даму жолының» ерекшеліктері турасында баяндады. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдар ішінде ІЖӨ доллармен есептегенде 20 есе, орташа жалақы – 17 есе артып, 2 млн жұмыс орны ашылды. Н.Нығматулин финдік компанияларды 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кеш…

0
0
237

Жамбыл политехникалық колледжінде ИИДМБ аясында мамандарды дайындау басталды

Жамбыл политехникалық колледжінде ИИДМБ аясында мамандарды дайындау басталды, деді өңірлік коммуникация қызметіндегі мәслихатта Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жамила Бекбатырова. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеті техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету, елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңғырту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, халықты еңбекпен қамту мәселесін шешу үшін кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешект…

0
0
924

Я. Пейшэн: Н. Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды беделді елге айналдырды

Дипломатияның жетілуі, қол жеткізілген мақсаттар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды «үлкен» елге айналдырды. Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн «Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» атты халықаралық саясаттанушылар конгресі барысында айтты. «Қазақстан аумағы жағынан – үлкен ел, ал халық саны жағынан – кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады», - деп атап өтті Я. Пейшэн. Сонымен бірге сарапшы Қазақстанның инновациялар рухы, тұрақты белсенділік және үдемелілік, құнды инклюзивтілік сияқты төрт дипломатиясын атап өтті. «Инновациялар рухы: Азиядағы өзара іс-қимыл ж…

0
0
470

ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді - Я.Пейшэн

ҚР-ның 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді , деді Астанадағы «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн. ««Әлем. XXI ғасыр» Манифесті - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті тенденцияларды айтып өтті. Бізді әлемде кейбір мемлекеттердің дағдарыстан екістандарттық саясатты қолданып жатқаны алаңдатты. Олардың кесірінен әлемде қанша ана мен бала қаза тапты», - деді ол. Сарапшының айтуынша, манифест Қазақстан көшбасшысының стратегиялық ойлауын көрсетіп отыр…

0
0
290

2016 жылы Қазақстан темір жолының жүк айналымын пайдалану көлемі 1,5 млрд тонна-шақырымға артты

Ұлттық тасымалдаушы 2016 жылдың 9 айының қорытындысын шығарды. Биылғы қаңтар қыркүйек аралығында жүк айналымы пайдалану көлемі артқан. Көрсеткіш 136,9 млрд деңгейінде болса, ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 млрд. тонна-шақырымға көп, деп хабарлады Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі. Осы аралықта Қытайдан Еуропаға бағытталған контейнерлік пойыздар саны екі есеге артқан. Бұл бағдарға 528 пойыз қатынаған. Кері қарайғы бағдарға «Еуропа-Қытайға» 252 пойыз өткен. Бұл көрсеткіш өткен жылы Қытайдан-Еуропаға -250 кері қарай 115 пойызды құраған. Барлығын қосқанда контейнерлік пойыздар саны 1260-қа жетіп отыр. Жыл басынан бері пойыздарға 156,2 миллион тонна жүк тиелсе, оның 5,6 млн тоннасын астық өнімдері, - 1,9 млн тоннасын ұн құрайды. Атап өтерлігі, қыркүйекте астық тасымалы…

0
0
425

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосады – сарапшы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау жылында экономиканы дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлемнің жаһандық трендіне салмақты үлес қосу үшін зор ресурс табады, деді «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында. «Осы жылы Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл және еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасы бойынша өмір сүріп келе жатқанымызға тағы 3 жыл толып отыр. Бұл ел тарихының болашағы бар, жаңа беттері. Біз еліміздің өте күшті әрі ашық әлеуеті туралы айтып отырмыз», - деп мәлімдеді С. Рахымбекова. Оның айтуы бойынша, еліміз ұсынып отырған сынақтан өткізілген «жасыл» технологиялар ауылдағы өмір сүру сапасына тікелей әсер етуі мүмкін. «Біздің технологияларымыз жылу, жарық…

0
0
428