Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді
Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі, деді Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының күндерін» өткізуге арналған брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров. Баспасөз конференциясы барысында СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен облыстың 100-ден аса ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары қатысатындығын жеткізді. «Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі. Оның ішінде 90 тоннаға жуық түрлі ет өнімдері, 10 тонна шұжық, 24 тонна сүт өнімдері, 450 тонна картоп пен көкөніс және тағы басқалар», - деді ОКҚ брифингінде Айдарбек Сапаров. Бұдан бөлек, Айда…