Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

ҚТЖ: Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлер көлемі 5 жылда 100 есеге өсті

2016 жылы Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлер көлемі 5 жылда 100 есеге өсті. Контейнерлік жүк көлемі 2020 жылға қарай 1,7 млн-ға жетеді. Бұл туралы «Қазқастан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Үкімет отырысында мәлімдеді. «Компания қазіргі таңда көліктік – логистикалық жобаларды жаңғыртумен айналысып жатыр. «Боржақты-Ерсай», теміржолының құрылысы, Құрғақ порт «Қорғас-Шығыс Қақпасы» АЭА аймағындағы жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді ол. Қ.Алпысбаев атап өткендей, жыл соңына дейін Құрық және Алматы-шу желісінің алғашқы жіберу пункті іске қосылады. 2011 жылдан бастап Компания жылдам контейнерлік пойыздар сервисін іске қосқан. 2016 жылы Азия-Еуропа бағытындағы контейнер тасымалының көлемі 2011 жылғы деңгейден 100 есеге артық көрсеткішті көрсетеді. 2020 жылға қарата қазақстандық қ…

0
0
627

ОҚО ұстаздары Франциядан тәжірибе алмасуы мүмкін

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Франсис Этьен бастап келген бір топ делегаттармен кездесті. Өңір басшысы шетелдік қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктерін және туризм бағытындағы жұмыстарды мәлімдеді. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы халқы көп шоғырланған аймақ екенін айтқан ол келер жылы Шымкент қаласының халқы 1 миллионға жететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, облыста ірі уран өндіруші кәсіпорындар мен мұнай өңдеу зауыты бар екенін және облыс көкөніс пен жеміс кластерінің орталығы болып табылатынын жеткізді. Ташкентпен шекаралас жатқан аудандарда қауын-қарбыз өсіріліп, шетелге, оның ішінде, Германияға экспортталып отырғанын айтты. Сондай-ақ, индустрия с…

0
0
380

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да контейнер айналымы 2016 жылы 59 мың ЖФЭ құрады

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Еуразиялық өңірде Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетін іске асыруды қамтамасыз етеді, бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салып жатқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарына БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған баспасөз сапары барысында белгілі болды. Қытай шекарасында Еуразиялық құрлықтағы маңызды екі ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Олар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру мен кешенді дамыту» және «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығын құру» жобалары. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық негізін дамыту, жүк ағымдарын қалыптастыру және ынталандыру жөніндегі жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылуда. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның Қытайдан және Оңтүстік Шығыс…

0
0
719

Астана қаласының театрлары Орталық Азия фестивалінде үздік атанды

Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Жастар театрының» ұжымы Орталық Азия мемлекеттерінің VI Халықаралық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанды. Фестиваль қазанның 24-інен 27-сіне дейін Талдықорған қаласында өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Өзбекстанның үздік ұжымдары қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі. Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясының желісі бойынша қойылған спектакльді көрсетіп, Гран-при иеленді. Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері - Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған - «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева, сондай-ақ, сахна төрінде «Қал…

0
0
464

«Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуді жоспарлауда

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі «Шымкентцемент» АҚ арасында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үш жақты келісімге қол қойылды. Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Бірінші вице-министрі Альберт Рау, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі атынан Әкімнің орынбасары Жақып Бөкенбаев және «Шымкентцемент» АҚ атынан директоры Мустафа Авджы қол қойды. Осы келісімнің аясында «Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде 15%-ға төмендетуге мiндетті, ал жергілікті атқарушы орган Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эми…

0
0
381

Қызылорда облысында «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 23 жоба мақұлданды

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2016 жылдың үшінші тоқсанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асу көрсеткіштерін қорытындылады, деп «Даму» қоры. Осы кезеңде кепілдендіру бағыты бойынша 23 жобаға қолдау көрсетіліп, кепілдендірілген жалпы сома 362,5 млн.теңгені құрады. Ал несиенің үстеме пайызын төмендетуге 23 кәсіпкер қол жетізді және субсидияланған несие сомасы 1 305,4 млн. теңге болып отыр. Қызылорда облысының кәсіпкерлері ағымдағы жылы белсенді түрде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қаржылай емес қолдау түрлеріне жүгінді. 3 ай ішінде 1843 адам, оның ішінде – шағын және орта бизнес өкілдері кеңестік көмек алып, бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқыту мен дөңгелек…

0
0
365

Израильдік инвесторлар ОҚО-да көлік-логистикалық салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Аталған компанияның президенті – негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әңгімеде тараптар қос мемлекет – Қазақстан мен Израильдің түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оңтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік – диагностикалық емхананың құрылысы, «ақылды» автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтың жұмыстарын ұсынды. Израил…

0
0
270

Астанада «жасыл экономика бойынша» дүниежүзілік стартап байқауының жеңімпаздары жарияланады

Астанада Newenergy global startup fest өтіп жатыр – бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткізіп жатқан баламалы энергетика және «жасыл экономика» саласындағы стартап-компаниялардың халықаралық байқауы. Байқаудың мақсаты «жасыл экономиканы», жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту үшін халықаралық инновациялық стартап-жобаларды, компанияларды, венчурлық қорларды және акселераторларды тарту, сондай-ақ халықаралық аренада ЭКСПО-2017 насихаттау болып табылады. Ұйымдастырушылардың ойынша, Newenergy global startup fest – Қазақстан үшін негізгі жобалардың бірі, себебі ол ЭКСПО-2017 көрмесін танымал етеді; Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады; халықаралық банктерді, инвестициялық және венчурлық қорларды тар…

0
0
280

Ақтөбе облысында суармалы жерлердің ауданын ұлғайту үшін су қоймаларын қайта құрады

«Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының бастығы Бекзат Нәметов хабарлағандай, пайдаланылған 49 жыл ішінде тозған гидроқұрылыстардың кейбір элементтері қайта құрылатын болады. Одан басқа, су қоймасының сыйымдылығы қазіргі 6 млн текше метрден 7,5 млн текше метрге дейін ұлғайтылады. «Нәтижесінде, су қоймасының суару қабілеті 400 га-дан 1 000 га-ға дейін ұлғаяды. Артық су Сазды өзеніне құйылады, бұл ауыз суды жұмсамай, жасыл екпелерді, гүлбақшалар мен гүлзарларды тұрақты суару проблемасын да шешеді», - деді ол. Сондай-ақ, қайта құру барысында су қоймасын қалдықтардан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі, суды есепке алу аспаптары, сыртқы электрмен жабдықтау және сыртқы жарықтандыру, күзет және бейнебақылау бекеттері орнатылған. Сигналдық бағаналар орната отырып, асфальт төсеу көзделген. Қайта құру…

0
0
379

Сенат Парниктік газдардың шығарылымын қысқарту жөніндегі париж келісімін ратификациялады

ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында депутаттар ҚР Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады. 2015 жылғы желтоқсанда Климаттың өзгеруі туралы Біріккен ұлттар ұйымының негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясында Париж келісімі қабылданған болатын. Конференция барысында Қазақстан экономиканы климат факторларымен байланысты жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі шараларды жоспарлау, әзірлеу жүйесін жетілдіру процестерін заңнамалық қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген парниктік газдарды қысқарту бойынша өз міндеттемелерін ұсынды. Басқаша айтқанда, Париж келісімінің мәні әрбір елдің парниктік газдар шығарылымдарының көлемін мүмкіндігінше шектеу міндеттемесін өз еркімен қабылдауы болып табылады. Кел…

0
0
280