ЕҚДБ қазақстандық бизнесті қолдауға 8,61 млрд теңге бөледі
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Еуропа қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) бірінші вице-президенті Фил Беннетпен келіссөз жүргізді, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ АҚ. Тараптар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық валютада қорландыруды тарту, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық, инвестициялық жобаларды дайындау мен құрылымдау, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, сондай-ақ сақтандыру өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында Ерболат Досаев инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, шағын және орта бизнес өкілдерін қашықтан оқыту жөніндегі өңірлік офисті құру, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдарын жекешелендіру жөніндегі жоспар…