Адамға демалыс не үшін керек?
Біздің балаларымыз «Мен жазды қалай өткіздім» шығармасын қалай жазады? Біреулер кезекті рет Канар аралдарына барғанын жазар, енді біреулері саяжайға немесе Ыстық Көлге барғанын жазар, бірақ көпшілігіне жазарға ешнәрсе табылмайтындай. Демалыс бойы теледидар алдында отырғанын немесе Мики-Маус киімінде промоутер болып жұмыс істегенін, немесе жол жиегінде қымыз бен алма сатқанын ешкім жазғысы келмейді. Осы жылы мемлекет қазынасынан балалар демалысына рекордты сомма бөлінді – сегіз миллиардтан аса теңге, Білім беру министрі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тоқсан пайыздан көбі осы жылы жазда сауықтыру лагерьлерінде демалатынын салтанатты түрде хабарлады. Бахытжан Жұмағұлов, ҚР білім және ғылым министрі: Оңалту және сауықтыру іс-шаралары аясында екі де оннан бір миллион балалар мен ж…