Танымал есімдер
Ерте заманда есімдеге аса көңіл аударыла бермейтін-ді. Көптеген мәдениеттерде адамдарды лақап аттармен де атайтын. Кейінірек әр халықтың мәдениетіне, тіл ерекшеліктеріне қарай өзіне тән есімдері пайда болды. Ұлттар арасында кеңінен таралған есімдердің көбісі грек және латын тілдерінен бастау алады. Кеңес дәуірінде көптеген идеологиялық есімдер пайда болды, мәселен, Мэлс, Владлена, Рой, Октябрина – және бұл тек бастамасы ғана еді.
Қазіргі заманда ата-аналар балаларына туылған кезінен бастап ерекшелеу үшін, оларға айрықша және сирек кездесетін есімдер беруге тырысады. Танымал есімдер қатарына, айтып өткенімдей, сирек кездесетін және ұмытылған есімдер кіруде. Ал кейбіреулер балаларына шет елдік және отандық жұлдыздардың есімдерін беруде. Сонымен қатар, ойдан шығарылған кейіпкерлер, кітап, фильм, әдебиет кейіпкерлерімен де атау көптеп кездеседі. Мәселен, соңғы жылы АҚШ-та 146 қыз баланның есімін “Игра престолов” сериалының кейіпкерінің құрметіне Кхалиси атаған. Бұл көрсеткіш 2011 жылдан салыстырғанда 450% көп, ол жылы сериал экрандарға жаңадан шыққан еді.
Біздің жұлдыздар өз балаларына қандай есімдер беретінін білесіз бе? Көп жағдайда олардың жанкүйерлері осы жұлдыздарға қарап бой түзейді, басқаша айтсақ, жұлдыздар есімдерге жаңа леп береді деуге болады. Төменде Қазақстандық жұлдыздардың балаларының есімдерін келтіргім келеді.
Әнші және дизайнер Лидо өз қызына Риана деген есім берген. Біз үшін таңсық есім. Америкалық поп жанрындағы әншінің атына ұқсайтыны да рас (тек оның есімінде екі нн). Лидоның өзі қызының Америкада туылғандығын және Америка азаматтығын алғандығын айтады. Сондай-ақ , бұл есімнің бізге таныс баламасы бар – Райхан. Лидо ұлына Рахман деген есім берген екен.

Риана есімі отандық жұлдыздар арасында танымал болса керек, осы есімді қызына рэпер Шоқан да берген екен. Бір интервьюында ол бұл есім “жұмақ гүлі” деген мағына беретінін айтқан еді. Есім туралы тағы бір қызық мәлімет, бұл есім араб немесе кельт тілінен таралуы мүмкін.

Еліміздегі атақты әнші әрі продюсер Алмас Кішкенбаев қызына Зере есімін қойған. Алмастың айтуынша, ол қызына қысқа әрі әдемі есім бергісі келген. Зере – қазақ есімі, алайда оның түп-тамыры парсы тілінен, “зер” – алтын деген мағына береді.

Актриса, әнші, жүргізуші және отандық “Коктейль для звезды” фильмінің продюсері Баян Мақсатқызы қызына Айару есімін қойған. Бұл есім ерекшелігіне қарамастан Қазақстанның ең танымал есімдер қатарында екі жыл орын алуда. Үлкен қызын Баян Айсауле атағаны белгілі.

Модель, диджей әрі тележүргізуші Мария Зубенко ұлын Ратмир атаған. Бұл есім тамыры тереңде жатқан, ерекше есім. Мәселен, Александр Невскийдің жеке оққағарын осылай атаған. Ратмир – славян есімі, “бейбітшілік жауынгері” деген мағынаны береді. Бұл есім мұсылман есімі болуы да мүмкін.

Әнші, актриса Линда Нығматулинаның ұлының аты – Альрами. Линданың айтуынша, әдемі араб есімін ұлына әкесі қойған, Альмари “мерген” деген мағынаны береді. Тағы бір қызық жағдай, Линданың есімін әкесі – Талғат Нығматулин Брюс Лидің әйелінің құрметіне қойған.

Отандық әнші Динара Сұлтан да өз қызына араб есімін таңдапты – Сурая. Бұл Плеяда шоқ жұлдыздарының арабша атауы.

Тележүргізуші және 2009 жылдың “Миссис Казахстан” атағы жеңімпазы Динара Сатжан ұлына парсы тілінен бастау алатын Даниал есімін берген екен. Есім Даниал пайғамбардың атынан пайда болған, парсы тілінен “Құдай сыйы" деп аударылады.

Ең ерекше әрі сирек кездесетін есімдерді балаларына жұлдызды жұп – дизайнер, стилист Салтанат Баймухамедова және оның жұбайы – шоумен, режиссер Жантик Баймухамедов берген екен. Олар қыздарын французша – Жульет атаса, ұлдарына тарихи Аттила есімін қойған.
Куә болғанымыздай көптеген отандық жұлдыздар балаларына ерекше есімдер қояды. Араб және парсы есімдері ерекше танымал екенін де көрдік, мүмкін әдемі естілуінен болар. Ал балаға тамаша есім туралы пікір еліміздің тұрғындарында әртүрлі болуы мүмкін. Жақында өткен жылғы туылған балалар бойынша топ-20 есім анықталған болатын, ол есімдерді кестеден көруге болады:
|
Танымалдылық Рейтингі |
Ер балалар есімі |
Танымалдылық рейтингі |
Қыз балалар есімі | ||
|
1 |
ЕРАСЫЛ |
1 |
АЙЗЕРЕ | ||
|
2 |
АЛИХАН |
2 |
АЙАРУ | ||
|
3 |
НҰРАСЫЛ |
3 |
ІНЖУ | ||
|
4 |
САНЖАР |
4 |
КӘУСАР | ||
|
5 |
НҰРИСЛАМ |
5 |
АРУЖАН | ||
|
6 |
АМИР |
6 |
АЙША | ||
|
7 |
МИРАС |
7 |
АМИНА | ||
|
8 |
ДИАС |
8 |
АЯУЛЫМ | ||
|
9 |
АРТЁМ |
9 |
ІҢКӘР | ||
|
10 |
АРСЕН |
10 |
ДИАНА | ||
|
11 |
АЛДИЯР |
11 |
СЕЗІМ | ||
|
12 |
МАКСИМ |
12 |
СОФИЯ | ||
|
13 |
ИСЛАМ |
13 |
МАДИНА | ||
|
14 |
АЛИ |
14 |
ДАРЬЯ | ||
|
15 |
МАНСУР |
15 |
АЛИНА | ||
|
16 |
АЗАМАТ |
16 |
АЙЫМ | ||
|
17 |
МАДИЯР |
17 |
ВИКТОРИЯ | ||
|
18 |
КИРИЛЛ |
18 |
НҰРАЙ | ||
|
19 |
АЯН |
19 |
АЯЖАН | ||
|
20 |
НҰРДӘУЛЕТ |
20 |
АЙЛИН |
Ал сізге қандай есімдер ұнайды? Сіз өз балаларыңызға қандай есім берер едіңіз немесе бердіңіз? Пікіріңізбен бөлісіңіз)
