Әзербайжанның энергетикалық саясатының оқулығы қазақ тіліне аударылды
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында қазақ тілінде «Әзірбайжанның энергетикалық саясаты» кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың авторы - Әзірбайжанның саяси және қоғамдық істер жөніндегі көмекшісі Әли Гасанов. Тұсаукесерде сөйлеген сөзінде Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедов осы кітаптың біздің елдеріміз үшін маңыздылығы мен қажеттілігі туралы әңгімелеп берді. «Бұл кітап болашақ аймақтық сарапшыларға, конфликтологиямен, геосаясатпен және геоэкономикамен айналысатын жас мамандар үшін жақсы құрал болады. Бұл кітапта соңғы 20 жылда Әзірбайжанның сыртқы саяси және экономикалық стратегиясы анықталды», - деді дипломат. Оның айтуынша, кітапта Әзірбайжанның ғана емес, бүкіл аймақтың - құбырлар, теміржолдар мен жолдардың мүдделеріне қызмет етет…