ИИДМБ: Қазақстанның фармацевтика саласында 2200 жұмыс орнының ашылуымен 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Индустриаландырудың екінші бесжылдығында фармацевтика саласына 64,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 15 инвестициялық жоба жүзеге асады, деп хабарлады ҚР ИДМ. 2010-2014 жылдары Индустриаландыру картасы аясында 39,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, 25 жоба іске қосылды. «АбдиИбрахимГлобалФарм» ЖШС БК, «Бирунифарм» ЖШС және МедикалФарм «Ча-Кур» ЖШС жобларын 2015 жылдың қазанында іске қосу жоспарланған. Аталған жобаларға жалпы көлемі 5,4 млрд. теңге инвестиция тартылады. Анықтама: Фармацевтикалық өнімдер өндірісінің артуына бірнеше фактор әсер етті. Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жаңа кәсіпорындардың өнім өндіру көлемін арттыруымен байланысты. 2010-2014 жылдар аралығында жалпы 25 жоба пайдалануға беріліп, олар өндіріс қуатын кезең-кезеңімен арттырып отырды. Индустриаландыру к…