Алматы облысының әкімі өңірдің үздік ұстаздарын марапаттады
Бүгін Алматы облысында мұғалім мамандығының үздіктері марпатталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен шарада «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағын Талдықорған қаласының № 10 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Зарина Түсіпжанова жеңіп алды. «Облыстың 737 жалпы білім беру мекемелерінде 34 мыңнан астам ұстаз оқушыларға білім беруде. Тәуелсіздік алған жылдан бері облыс аумағында 162 білім ошағы іске қосылды. Соңғы жылдары үздік мұғалімдер өздерінің лауазымдық еңбекақыларына 30-дан 100 %-ке дейін үстемеақы алады», - деді Амандық Баталов. Сондай-ақ Амандық Ғаббасұлы облыстың білім саласын қаржыландыру көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқандығын, бүгінде 109 миллиард теңгеден асып түскендігін айтып, ұстаз…