ҚР ҚК Құрлық әскерлері экспресс-тест арқылы үздік жауынгерлерді анықтайды
2015 жылғы қазанның 12-і мен 17-і аралығында «Отар» 40-шы әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында дәстүрге айналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығының жай-күйін айқындайтын жыл сайынғы экспресс-тест өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің талаптарына сәйкес бүгін Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлық бойынша негізгі күш-жігер барлық мамандықтағы жауынгерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған. Алдағы сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің өткен жыл бойынша қайсысы үздік нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетуі тиіс. Сынаққа әртүрлі мамандықтағы 400-ден аса әскери қызметші қатысады. Олар: мотоатқыштар, танкішілер, десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллерияшылар, граната…