Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

ҚР Президенті британдық компанияларды қазақстандық жобаларға қатысуға шақырды

Елбасы Қазақстан-Британия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының ІІ отырысының ашылуына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Іс-шараға сондай-ақ Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.Кэмерон қатысты. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде форумға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен бүгінде мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық саясат туралы әңгімелеп берді. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан шекарасының ұзақтығы мен жерінің кеңдігі Еуразия кеңістігінде маңызды стратегиялық және көлік-логистикалық қызмет атқаруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Мемлекет басшысы елде 100-ден аса этнос өкілдері тұрып жатқанын, осы уақыт ішінде олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктері сақталғанын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп отырған…

0
0
317

БҰҰ ДБ ҚР-да құрылыс жүргізуге рұқсатты энерготиімділік есепке алынған жағдайда беруді ұсынуда

«Қазақстанда тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салуды ілгерілету» халықаралық конференциясы өтуде. Ауқымды шара Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауы аясында жүзеге асырылған ҚР Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салу» бірлескен жобасын қорытындылауға бағытталған. ЖЭҚ/БҰҰДБ энерготиімділік бойынша жоба үйлестірушісі Александр Белый «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында жүргізілген жұмыстар туралы жан-жақты айтып берді. Аталмыш жобаны дамыту қалай жүргізілді? - 2011 жылдан бастап БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда ЖЭҚ-тың қаржылай қолдауы арқылы ҚР Үкіметіне тұрғын үйлерді энерготиімді жобалау мен салуды ілгерілетуде көмектесіп келді. Осы жылдары бірқатар жұмыстар бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Жақсарту, энерготиі…

0
0
532

«Шабыт» XVIII халықаралық жастар фестивалі аясында Ел Президентінің кубогінің иегері атануға 400-ге жуық үміткер қатысып жатыр

Астанада «Шабыт» XVIII халықаралық жастар фестивалі басталды. Биылғы жылы Ел Президентінің кубогінің иегері атануға 388 үміткер қатысып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева айтты. «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалін кезінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков және оның орынбасары Төлеген Мұхамеджанов қолдаған болатын. Міне, содан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатыр. Биыл осымен 18-ші рет өткізіп отырмыз. Жыл сайын үміткерлердің саны артып келеді. Биыл Ел Президентінің кубогін иеленуге 388 үміткер өтініш берген. Сонымен қатар бас жүлдеге 250 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық ұсынылмақ. Алтын медаль иегері 200 мың теңгеден, күміс жүлде – 150 мың теңге және…

0
0
412

Қазақстан мен Ұлыбритания қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары шеңберіндеҚазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Қазақстан тарапынан Шартқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев, британиялық тараптан – Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Филип Хэммонд қол қойды. Тараптар құжатқа қол қою қылмыскерлікке қарсы тұру саласындағы екіжақты серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін және екі жақтың да құзыретті органдарының қылмыстық-құқықтық саладағы жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті. А. Дауылбаев осы оқиға қазақстандық-британдық құқықт…

0
0
260

ҚР БҒМ ата-аналар алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «1sabak.kz» («Ministerstvo» кабинеті) сайтында ата-аналар қоғамдастығының алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді, деп ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты - ата-аналардың өскелең ұрпақтың азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы рөлін белсендіру. Ашық баяндамаларды ұсынудың міндеттері - қоғамдық институттардың отбасы мен мектептің баланың жеке басын тәрбиелеудегі өзара ықпалдастығының негізгі стратегиялық бағыттарын шығару үшін күштерін біріктіру, ата-аналар қоғамдастығының республиканың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелеу процесіндегі рөлін арттыру және білім беру мекемелерін басқару және білім бе…

0
0
502

ҚР-да өндіріс орындарында жол қозғалысын ұйымдастыруды регламенттейтін ұлттық стандарт бекітілді

Қазақстанда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімдік жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында жол қозғалысын ұйымдастыруды регламенттейтін ұлттық стандарт бекітілді, деп хабарлады ҚР ИДМ. Аталып өткендей, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының Төрағаның орынбасары Галымжан Доғаловтың төрағалық етуімен, «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және «ҰАО» ЖШС ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының, сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП мамандарының қатысуымен өткен кезекті отырысында ұлттық стандарттар жобаларының тізбесі қаралған. «Бекітілген жобалардың қатарында – «ҚазЖолҒЗИ» АҚ және ҚР Автомобиль жолдары комиетінің сарапшылары ұсынған «Жол жөндеу жұмыстарының өндірісі орындарында қозғалысты ұйымдастыруды…

0
0
372

Медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты елдегі мемлекеттік клиникалар бірдей тариф бойынша қызмет көрсетеді

Медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты қазақстандықтарға түсетін қосымша ауыртпалықтар корпоративтік табыс (КТС) және жеке табыс салықтары (ЖТС) есебінен төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой хабарлады. Ол аталған Заңды ҚР ДСӘДМ ҚР Заң жобасын Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 80-қадамын іске асыру шеңберінде әзірлегеніне назар аударды. Заңды дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары қолданылды. 2020 жылға дейін өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтылған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған. Аталмыш пакетті алу құқығы…

0
0
354

Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды – әкімдік

Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Облыс денсаулық сақтау бюджеті 35,4 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде кепілді тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 33,4 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға артық (31,9 млрд.теңге). 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың медициналық ұйымдарында 2341 дәрігер және 5953 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Павлодар облысына 2015 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 74 түлек келді, олар облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына, соның ішінде 11-і ауылдық жерге жұмысқа орналастырылды. 2015 жылғы 1 қазанға дәрігерлік кадрлар бойынша жетіспеушілік 15 бірлікті құрайды. (Павлодар қаласында – 6 дәрігер, Екібастұз қаласынд…

0
0
279

Биылғы жартыжылдықта «Даму» қоры бойынша 1 583 қарыз алушы 103,5 млрд теңгенің несиесімен қаржыландырылды

2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Даму» қорының бағдарламалары бойынша 1 583 қарыз алушы 103,5 млрд.теңге көлеміндегі несиемен қаржыландырылды, деп хабарлады «Даму» қоры. «Даму» Қоры ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен директорлар Кеңесінің кезекті отырысында 2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысын шығарды. Қаржылық бағдарламалар бойынша «Даму» Қорының банктік несиелердің жалпы көлеміндегі қаражат үлесі 2014-2015ж.ж. (ҚР Ұлттық Банкі мен Қор мәліметі бойынша):экономиканың басым секторларында – 12%, өңдеу өнеркәсібінде – 25% құрайды. «Бірінші несие бюросы» ЖШС мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктердегі қарыз берушілер құрылымындағы «Даму» Қоры клиенттерінің үлесі 26% құрайды. Лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктерге қаражатты…

0
0
309

Сенат Комитеті Еңбек кодексіне енген өзгерістерді қарады

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылымкомитетінің кеңейтілген отырысында Еңбек кодексінің жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. «Еңбек кодексі жобасы еңбек шарттарын жасасу, жұмыскерлердің барлық санаттарына сынақ мерзімін белгілеу, жұмыскерлерді кадрлық тұрғыдан ауыстыру бөлігінде еңбек заңнамасының икемділігін күшейтуді көздейді. Бұл құжатпен жұмыс берушінің тарапынан еңбек келісімін тоқтатуға қатысты негіздер қатары кеңейтіледі, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, жастарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге кешенді қадамдар енгізіледі. Дуальдық оқыту, жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіб…

0
0
406