«Бәйтерек» холдингі, AllurGroup және PSA Peugeot Citroën отандық автомпромды дамытуда ынтымақтастық орнатуға уағдаласты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» холдингі автомобиль өнеркәсібін дамыту және автомобиль өнімін ілгерілету мен өткізу кезінде қолдау көрсету мүмкіндігі туралы AllurGroup және PSA Peugeot Citroën құрамына кіретін «СарыарқаАвтопром» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, деп хабарлады Ұлттық холдингтің баспасөз қызметі. Құжатқа «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев, AllurGroup Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран қол қойды. Келісімде Холдинг Қазақстанда «СарыарқаАвтопром» компаниясының қуатында толық циклді режимде PSA Peugeot Citroën автомобильдер өндірісін қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады деп көзделген. Бұдан басқа, «…