Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

«Қыс-2015» РКШОЖ шеңберінде ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелері, қаланың азаматтық қорғау және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің қызметтері құтқару іс-шараларын тәжірибе жүзінде орындауды жүзеге асырды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Оқу-жаттығудың аңызы бойынша арқан жолымен демалушыларды көтеру уақытында электр қуатының сөнуі нәтижесінде тоқтап қалады, кабинада үш адам болды. Қатты аяз болғандықтан көмекке Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатарынан жиынтық құтқару құралымдары, «Алматы қаласының құтқару қызметі» және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің шаңғы патрулі шықты. Құтқарушылар арнайы жарақ арқылы тіреу бағаналарынан аспалы кабинаға дейін түсуді және адамдарды тігінен түсіру арқылы қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын пысықтады. Төменде зардап шеккендерг…

0
0
481

2015 жылы ҚР ҚК офицерлерінің аттестатталу нәтижелері 20 %-ға жақсарды

ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде офицерлер құрамының аттестатталуы аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 2015 жылы Құрлық әскерлерінің кадрлық органдарымен 60-тан аса аттестаттау комиссиясының жұмысы ұйымдастырылды, олардың отырыстарында бір жыл бойы 5,5 мыңнан аса офицер қаралды. Аттестаттау барысында офицерлердің анағұрлым маңызды кәсіби тұстары, өзінің мамандығын, техника мен қару-жарақты, тактика негіздері мен жедел өнерді білуі, дене дайындығы, сондай-ақ жеке және моральдық-іскерлік қасиеттері бағаланды. «Аттестаттау нәтижелері жалпы алғанда, біздің офицерлер құрамының күнделікті және оқу-жауынгерлік қызметке құзыретті басшылық жасауы үшін қажетті дайындық деңгейлері бар екенін көрсетті», - деді аттестаттау нәтижелерін қорытындылау барысында Құрлық…

0
0
649

Қарағанды облысында биенің таза сүтінен жылына 10 тонна құрғақ ұнтақ өндіру жоспарлануда

«ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен іске қосылған жоба Қарағанды облысының Осакаровка ауданы Шалғай ауылдық округында биенің таза сүтінен сублимациялық әдіс арқылы құрғақ ұнтақ өндіру мақсатында, жылқы фермасы кешенін құруды көздейді, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ-ның баспасөз қызметі. Бүгінгі таңда шаруашылықта 1300 бас негізгі мал табыны бар. Жайылым жерлерінің жалпы алаңы 24,5 мың гектар, егістік жерлері 11 мың гектардан асады, суармалы жерлері 1,5 гектар. Жобаның жалпы құны – 1 439 163 мың теңге. Жобаның шеңберінде ғимараттардың, басқа да қажетті инфрақұрылымдардың құрылыстары жүзеге асырылған, биенің таза сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін технологиялық жабдық, техника мен биологиялық активтер сатылып алынған. Жобаның қуаты - жылына 10 тонна құрғақ ұнтақты Қазақстанның тамақ, фармацевтикалық және…

0
0
699

Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың негізгі мектебі бойынша авторизацияны алды

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың Негізгі мектебі бойынша авторизациясын алды, деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі. 2013 жылдың мамырында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат ұйымының Негізгі мектеп бағдарламасы бойынша (Middle Years Programme) кандидат мектебі мәртебесіне ие болып, авторизацияны алу үшін тынымсыз еңбек етті. Мектеп ұжымы оқу бағдарламаларын жетілдіріп, Халықаралық Бакалавриаттың философиясы мен қағидаттарына сәйкес мектептің қалыптасуы мен дамуы үшін сүбелі үлес қосты. Бүгінде мектеп ұстаздарының бірлескен жұмысының арқасында діттеген мақсатқа қол жеткізілді. Негізгі мектеп ұстаздары Халықаралық Бакалавриаттың стандарттары мен талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын әзірлеп, апробациядан өткі…

0
0
1147

Ц.Цачева: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырады

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бәсекелестікті арттырып, ұлттық кадрлардың сапасын жақсартып қана қоймай, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен экономика өсімі мен табысын ұлғайтады, деді Астанаға жасаған ресми сапары кезінде Болгария Республикасының Халықтық Ұжым төрағасы Цецка Цачева. - Қазақстан мен Болгария арасындағы парламентаралық қарым-қатынастың деңгейіне қандай баға бересіз? - Екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынас мені толық қанағаттандырады. Бұл орайда екі ел арасындағы парламенттік желі бойынша жоғары дәрежедегі екіжақты ынтымақтастық жолында жасалып жатқан өзара сапарларды ерекше атап өткен жөн. Достық тобының парламенттер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өту қажет. Мен осы сапарымды пайдалана отырып Парламент Мәжілісінің төрағасын Бо…

0
0
420

«Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы марапатталды

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде ағымдағы жыл бойынша «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі экипажының жұмысы қорытындыланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігің баспасөз қызметі. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ өздерінің функционалдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар әскери қызметші вымпелдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Корабль командирі капитан-лейтенант Бауыржан Мұратұлы «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі алдында қойылған 2015 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес барлық тапсырмалар орындалғанын және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз базасы мен Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының тарапынан жоғары бағаға лайықты екенін атап өтті. Соңында әскери теңізшілердің аналары, жұбайлары м…

0
0
432

Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда нанның бағасы қымбаттаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі өзгеретін болады. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдау «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы әрбір отбасына шаққандағы есеппен белгіленген кедейлік шегі айырмашылығының ақшалай нысанында беріледі (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%). 2015 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, АӘК-ні табысы кедейлік шегінен төмен 34,7 мың азамат алып отыр, АӘК-нің бір адамға шаққандағы көлемі…

0
0
345

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі

Астана қаласында комиссиясының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық бірлескен 8-ші отырысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусиновтің және Пәкістан Ислам Республикасының Мұнай және минералды ресурстар мемлекеттік министрі Джам Камал Ханның төрағалығымен өтті. Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, отырыс барысында Қазақстан-Пәкістан өзара ықпалдастығының сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транспорт және байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым салаларына қатысты көптеген мәселелер талқыланды. Қазақстан тарапы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлттық жоспары секілді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына…

0
0
409

Павлодарда жаңа медициналық орталық ашылды

Павлодарда Усолка көшесі 42/6 мекенжайы бойынша 25 орындық жаңа Нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Медициналық орталық «ABM Investment Group басқарушы компаниясы» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында құрылды, компанияның негізгі серіктесі «B.Braun Avitum AG» компаниясы (Германия). «Бұл еліміздегі 25 аппаратқа негізделген ең ірі диализ орталығы. Жобаның құны 330 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Облыс әкімдігі құрылысқа арналған жер телімін бөліп берді, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс орналастыру кепілдігін береді»,- деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Жаңа орталық қазақстандық денсаулық сақтау тарихындағы диализ қызметтерінің тиімділігін арттыруға бағытталған типтік нефрологиялық емдік-диагностикалық орталық…

0
0
251

ЕҚДБ ШҚО-да 20 млрд теңгені құрайтын 5 жобаға қолдау көрсетті

Облыс әкімі Еуропалық қайта құру және даму банкімен іс-қимыл жасау мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Отырыс барысында жобаларды алға жылжыту барысы талқыланды, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Жобалардың әрбірін толықтай тексеру барысы туралы «ШҚО мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік аймақтық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Шәкәрім Бұқтұғұтов баяндады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тиісті басқармалармен және әкімдіктермен бірлесе отырып, 2016 жылдың бюджетінен «Өскемен қаласының сумен қамту және су өткізу жүйелерін жаңғырту», «Ертіс өзені арқылы Виноградов көшесінің қиылысы арқылы «Өскемен - Семей» автокөлік жолына шығатын көпір өткелінің құрылысы», «Семей қаласының сумен қамту және су өткізу жүйелерін жаңғырту», «Семей қаласының жылумен қамту жүйеле…

0
0
402