Ақтөбеде «Нұрлы Жол» бағдарламасының жобалары 3,9 млрд теңгеге жүзеге асырылуда
Бір жыл бұрын Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында жалпы сомасы 3 млрд. 979,3 млн.теңгеге бірнеше бағыттар бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы. Бұл білім, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің және тұрғын үй құрылыстары. Ағымдағы жылы Ұлттық қорданбілім объектілері құрылысына 1 млрд.150 млн.теңге бөлінді. Бұл қаржыға «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында 1200 орындық орта мектеп құрылысы жалғасуда және тағы да үш білім мекемесінің, соның ішінде, Заречный-3 кентінде 600 орындық орта мектеп, Кірпішті кентінде 320 орындық мектеп және Қарғалы селосында 320 орындық балабақша құрылысы басталды. Осы объектілердегі құрылыс-монтаж жұмыстары бар қарқынмен жүруде. Т…