Қарағанды облысында индустрияландыру картасы 97 жобаға ұлғаяды
Қарағандыда ҮИДМБ бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында өңірлік және республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін 880 млрд. теңге жиынтық инвестициялау көлемімен бірқатар ірі инновациялық жобалар қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Барлық 3 жоба - шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар. Аталған жобалар аясында шамамен 2200 тұрақты жұмыс орнын құру болжанады. Көрсетілген жобаларды қарау Мемлекет басшысының шетел инвестицияларын тарту бойынша тапсырмалары негізінде жүргізілуде. Өңірлік картаға «Осакаров ауданында «Global Lime Industries» компаниясы жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу» жобасы ұсынылды. Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен…