ҚХА Н.Назарбаевты ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті күнімен құттықтады. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан халқының өміріндегі атаулы дата – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Сізге деніңізге саулық, елімізге ізгілік, бейбітшілік пен амандық тілеген ыстық лебізімізді, орасан зор алғысымызды қабыл алыңыз. 2015 жыл Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болды. Бұл жылы тарихымыздағы елеулі белестер – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтті. Тұңғыш Президент күні Сіздің Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауындағы айтулы жеңісіңіздің аясында өтуде. Бұл жеңіс Сіздің бейбітшілік пен келісім…