Қазақстандық тауар өндірушілерімен 1,4 трлн теңгеге 928 меморандум жасалды — Б.Сағынтаев
Жыл басынан бері жүйе құраушы кәсіпорындар отандық тауар өндірушілермен 1,4 трлн теңгеге 928 меморандум жасасты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев тауар өндірушілердің бірінші форумында. «Жыл басынан бері біз жүйе құраушы кәсіпорындарды сатып алудағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша меморандумдар жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда 1,4 трлн теңгеге осындай 928 меморандум жасалды», - деді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, бүгін аталған меморандумдарды орындау бойынша жұмыстың 95% орындалған. «Келесі жағдай: ҚР ҰКП ұсынысымен Үкіметте ведомствоаралық комиссия құрылды, ол өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы мәселелерімен айналысады. Комиссияның бірінші отырысын біз өткен аптада өткіздік, контрафактілі өнімдерді, аккумулятордарды, кабельдік өнімдерді же…