Е.Досаев: ҚР-да жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру үшін қаржы секторын тұрақтандыру жоспарлануда
ҚР-да жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру үшін қаржы секторын тұрақтандыру жоспарлануда . Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтың қатысуымен өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев Жалпыұлттық жоспарды және Дағдарысқа қарсы жоспарды таныстыру барысында мәлiмдедi. "Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру үшін мынадай шаралар көзделеді. Бірінші бағыт - «Қаржы секторын тұрақтандыру». Үкімет пен Ұлттық Банктің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты инфляцияны 2016-2017 жылдары 6%-8%-ға дейін, 2018 жылы 5%-7%-ға дейін, 2019 жылы 4%-6%-ға дейін және 2020 жылы 3%-4%-ға дейін төмендету болып табылады. 2016 жылғы сәуірде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілетін болады,…