Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы үлгі етуге лайық – Н.Назарбаев
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп Ақордада хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин G20, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі және Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтетін алдағы кездесулерге дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы Сочи қаласына шақырғаны үшін В.Путинге алғыс айтып, оның Ресей өңірлерін дамыту жолындағы қажырлы еңбегін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың қарқынына ризашылығын білдіріп, оны Қазақстанның ілгерілете түсуге ниетті екенін айтты. «Біздің қарым-қатынасымыз саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да үлгі етуге лайық деп санаймын. Осы жылдары Қа…