Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Еркін Шаймағамбетов Қазғарыштың төрағасы болып тағайындалды

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек поселкесінде дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде. 1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді. 1998 жылдың наурызынан бастап Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қарашасынан бастап аталған бөлімнің бастығы болып тағайынд…

0
0
255

ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану туралы Келісімге енген өзгертулер қабылданды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады. “Аталған Келісім 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД мемлекеттері үкіметтерінің басшыларымен қол қойылған болатын.Келісімнің қабылданған сәтінен бастап ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қалыптасты.Осыған орай, ТМД үкімет басшыларыны…

0
0
280

«Атамекен» ҰКП 170-тен астам ШОБ жобасын қаржыландырды

ШОБ-ті шағын несиелеу аясында 170 жоба 790 млн теңгеге қаржыландырылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Нұржан Әлтаев мәлімдеді. «29 тамыздағы жағдай бойынша бізге 1,827 млрд теңгеге 340 өтініш келіп түсті, оның 260 өтініші яғни 1,114 млрд теңгесі мақұлданды», - деді ол. Н.Әлтаев кәсіпкерлікті жаңа жағдай бойынша қаржыландыру ұсыныстарын айтты. Оның айтуынша, бұқаралық электрондық мәліметтер базасын ашқан жөн. ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, және де, 2016 жылдың 3 қыркүйегі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтің төрағалық етуімен, Шанхай қаласында ҚР мен ҚХР арасындағы индустриалды-инновациялық әріптестікті жандандыру мәселелеріне қатысты Қытай елінің белді бизнесмендерімен Қазақстан-Қытай дөңгелек үстелі өткенін, онда «Атамекен»…

0
0
349

Қ.Бозымбаев: «Шелл» компаниясының тәжірибесі ҚР-да әртараптандырылған энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қолдарын қойды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі. Меморандум мақсаты Қазақстан Республикасының энергетикалық саласы алдында тұрған стратегиялық бастамаларды іске асыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді бірлесіп зерделеу болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара пайдалы әріптестікті нығайтуға бағытталады және одан арғы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды. Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рүстем Сүлейманов және «Шелл» концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Э…

0
0
251

ҚР-да 30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі аяқталады

2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың үшінші қорытынды кезеңі аяқталады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін стипендияға үміткер Қазақстан азаматтарынан құжаттарды қабылдауда. Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады. 2016 жылы «Болаша…

0
0
359

Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді

Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласының 60 нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде 25 нысан «350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалардың құрылысы» жобасының аясында, 35-і жергілікті атқарушы органдар өтінімінің негізінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынуда. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жобаның аясында 32 емхана, алғашқы медициналық-санитерлық көмек орталықтары мен 318 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы қарастырылған. 2016 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, 325 нысанның немесе жоспарланған нысанның 93%-ның құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда 8 нысанды пайдалануға беру бойынша (бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын Ақмо…

0
0
341

Павлодар облысында жыл соңына дейін тоғыз облыстық маңыздағы жолдың жөнделуі аяқталады

Павлодар облысының әкімі жергілікті және облыстық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарын 1-ші қазанға дейін аяқтап, мердігер ұйымдармен есеп айырысуды тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша үстіміздегі жылы тоғыз облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі кезде жеті нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған екі нысан бойынша жұмыстар қыркүйектің соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жолдарды күтіп ұстауға келетін болсақ, ведомство басшысы Дәулет Мұстафиннің айтуынша барлық ұйымдармен келісімшарттар жасалды, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жылдың соңына дейін жалғасатын болады. Облыс орталығы бойынша 2017 жылы жолдарды күтіп ұстау бойынша барлық есеп-қиса…

0
0
362

АШМ-де Қазақстанның трансшекаралық өзендер бойынша халықаралық ынтымақтастығы түсіндірілді

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі трансшекаралық суды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша белгілі бір елдермен ынтымақтастық қарым-қатынаста, деп хабарлады АШМ. Бұл бағыттағы қызметті Министрліктегі Трансшекаралық өзен департаменті жүзеге асырады, ал Су ресурстары жөніндегі комитет Министрліктің бақылау-қадағалау функцияларын атқарады. Қазақстанда трансшекаралық өзендер ел шетімен ағады. Оларға Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл және Шу өзендері жатады. Бұл өзендер елдің шетінде орналасқандықтан 40 пайыздан астам су ресурстары көрші елдерден келеді. Осыған байланысты, Қазақстан суға тәуелді ел болып табылады және трансшекаралық өзендерді пайдалану аса маңызды. Сондықтан да, мемлекеттің саясатында трансшекаралық су ресурстарын көрші елдермен бірлесіп пайдалану және қорғау ма…

0
0
917

Қ.Тоқаев: ЕАЭО қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық «Столичное телевидение» (СТВ) телеарнасына сұхбатында еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелері, ДСҰ және ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан мен Белорусь қатынастары туралы айтты, деп хабарлады Сенат. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Еуразиялық Экономикалық Одақ қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды. Ықпалдастықтың қиындықтары туралы сауалға Сенат басшысы ықпалдастық үдерістері зор күш-жігерді және тиісті біліктілікті талап ететінін атап өтті. Мемлекет басшыларының саяси күш-жігері, ең алдымен, сауда мәселелері бойынша уағдаластықтарда негізгі рөл атқаратыны күмәнсіз екені айтылды. «Біз ауқымды өкілеттік берілген Еуразия экономикалық комиссиясын толық дәрежеде іске қосуымыз керек деп санаймын. Әзір…

0
0
340

Австрия Павлодар облысының кәсіпорындарына қондырғы жеткізуге ниетті

Павлодар облысының әкімі Малайзияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дато Хидаят Абдул Хамид пен Австрия елшілігі сауда бөлімінің басшысы Михаэль Мюллерді қабылдады. Тараптар екі жақты ынтыақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Малайзия дипломатын қабылдау кезінде Болат Бақауов Павлодар облысы мен Малайзия арасындағы сауда айналымында импорт басым екендігін атап өтті. «Сіздің өңірімізге жасаған сапарыңыз өзара тиімді әріптестіктің бастауы болады деп үміттенемін», - деді аймақ басшысы. «Біздің облысымызда орналасқан экономикалық аймақта инвесторлар үшін тамаша мүмкіндіктер бар. Олар 2036 жылға дейін салықтан босатылады. Өңіріміздің Ресей Федерациясымен шекаралас болуы да экономикалық жағынан аса тиімді». Өз кезегінде елші малайзиялық бизнес кеңесшілер қона…

0
0
402