Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды
Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды. Бұл жобаны «Самрұқ -Қазына» АҚ-ның қаржылық қолдауымен қалалық әкімдік жүзеге асырып отыр, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімшілігі ғимаратының жанына орналасқан велосиед станциясын мегаполис әкімі Бауыржан Байбек алғашқылардың бірі болып тестен өткізді. «Бұл - Алматының 1000 жылдығын мерекелеу қарсаңында қалалықтарға жасалған жақсы тарту. Бүгінгі күні көліктің бұл түрі көпшілікке кеңінен танымал, велосипед үшін қалада лайықты инфрақұрылымдар, жеке веложолдар жасалған. Велосипед, автобус қозғалыстары мен метроны одан әрі дамыту жеке көлікті шектеуге ойдағыдай ықпал етеді», - деді Б.Байбек. Автоматты жүйе болашақта қаланың туристік тартымдылығын күшейтіп, тұрғындардың денсаулығына да оң ә…