Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Универсиада-2017 нысандары жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді - FISU

Универсиадаға қатысушы елдерден келген делегация өкілдері Алматының 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы өткізу дайындығына қатысты алғашқы бағаларын берді, деп хабарлады Универсиаданы ұйымдастыру дирекциясы. Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация, сондай-ақ, ұлттық студенттер спорты федерацияларының басшылары Универсиаданың спорт нысандары мен инфрақұрылым нысандарын көріп, функционалдық бағыттардың жұмысымен жан-жақты танысатын болады. Қазіргі таңда FISU делегациясы және Универсиадаға қатысушы елдер «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, «Алматы арена» мұз сарайы, «Медеу» биік таулы мұз айдыны және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені секілді бес спорт нысанының дайындығына баға берд…

0
0
505

Бішкекте ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы шағын құрамда өтті

«Ала-Арча» Мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен ТМД Мемлекет башсылары кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады ұйымдастырушылар. Қырғызстан Президенті отырысты аша отырып бүгінгі басқосуға қатысқаны үшін делегация басшыларына алғыс айтты, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мерейтойы – 25 жылдығымен құттықтады. А.Атамбаев бүгінгі отырысты дайындап, өткізуге көмектескені үшін ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевке ризашылық білдірді. «Қырғыз Республикасы Достастық елдерінің кеңесіне оның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында төрағалық етіп, үлкен құрметке бөленді», - деді Қырғызстан Президенті. Оның айтуынша, Қырғызстан төрағалық еткен жылы Ұйымның жұмысын оңтайландыруды талқылау жұмыстарына белсене араласты, Достастықты одан әрі…

0
0
314

ҚР Машина жасау кешені ЕАЭО мен ДСҰ-ға қатысу басымдылығын қолдануы керек

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Мырзахметов Қазақстан машина жасаушыларының IV форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін оқып берді. «Құрметті форумға қатысушылар, Қазақстан машина жасаушыларының IV форумының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын.Машина жасаушылардың төртінші форумы жаңа экономикалық жағдайда мақсатқа жету бойынша тәжірибелік шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Заманауи міндеттер жаңа технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру мен экспортқа бейімделген жоғары бәсекеге ие өнімді шығару, сондықтан елде машина жсау саласына ерекше назар аударылады», - деп А.Мырзахметов Елбасының сөзін оқып берді. Елбасы айтып өткендей, Индустрияландыру картасы аясында әрбір оныншы жоба машина жасау саласында жүзеге асқан, барлығы 88 жоба 250 млрд теңгеге жүзеге асырылы…

0
0
577

Ж.Қасымбек: Қазақстанның машина жасау саласындағы физикалық көлем индексі 2016 жылы 85%-ды құрайды

Қазақстанның машина жасау саласындағы физикалық көлем индексі 2016 жылы 85%-ды құрайды, деді Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. «2015 жылдан бастап шетелдік машина жасау саласында сияқты бізде де теріс үрдіс байқалады: сұраныстың азаюы, жаңғыртуға құйылған инвестицияның төмендеуі, кәсіпорынның ағымдағы несиелік жағдайының нашарлауы. Бұл жағдайларды ескере отырып, бүгінгі жағдайға өзге көзқараспен қарауды ұсынамыз», - деді министр. Жеңіс Қасымбек форум қатысушыларына ҮИИДМБ қорытындысы мен ИИДМБ екінші бесжылдығының жұмысы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, министр делегаттарды Қазақстанның темір жол өнеркәсібі мен авиациялық техника, машина жасау, қазақстандық электромобильдерді өндіру саласындағы жетістіктері туралы ақпараттанд…

0
0
350

Қазақстан ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін ұшқышсыз аппарат шығарады

Қазақстандық инженерлер Elbit Sistems израильдік компаниясымен бірлесіп Sky-lark мен Hermes серияларының отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру мен шығаруға дайындалып жатыр, деді «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС ҰҰА бөлімінің жетекшісі Жанту Мамашев Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумы аясында. «Elbit Sistems израильдік компаниясымен бірлескен келісімдер аясында Sky-lark мен Hermes серияларның отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру қабылданды. Қазіргі таңда ұшқышсыз аппараттарды құрастыруға қажетті қондырғыларды жеткізу бойынша келісімдерді орнату қарастырылып жатыр», - деді Ж.Мамашев. Оның айтуынша, келісімді орнату 2016 жылдың соңына дейін орындалады, қондырғыны жеткізу жарты жылдан жеті айға дейін созылады. Осыған орай, ҚР Қорғаныс министрлігінде бар ұшқышсыз…

0
0
457

Қырғызстанда ТМД елдері көшбасшылары кеңесінің отырысы басталды

Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында ТМД елдері көшбасшылары кеңесінің мерейтойлық отырысы басталды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері көшбасшыларының форумына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Молдова Премьер-министрі Павел Филипп, ТМД атқарушы комитет төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысады. Қалған қатысушы елдер үкімет пен сыртқы істер министрлігінің делегаттарымен келді. Кеңесте маңызды жобалар қарастырылады:Тәуелсіз Мемлекеттер Достасты…

0
0
459

IT саласындағы шетелдік жетекші сарапшылар қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасуда

Астанада IT саласының кәсіпқойлары бас босатын ІІ Халықаралық IT Форум өтіп жатыр. Бұл шараны «Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ хабарлағандай, Питер Айкен, Рич Макави, Маркуз Железны сияқты әлемге танымал сарапшылар мен ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін 200-ден аса қазақстандық маман бас қосып, IT саласының өзекті мәселелерін талқылауда. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациялау және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры А.Илькявичюстің айтуынша, заманауи кез-келген компанияның табысындағы ақпараттық технологиялардың ролін бағаламауға болмайды және бизнес-үрдістерін автоматтандырудың сапасы жұмыс барысында қолданылатын ақпараттық жүйелердің санынан әлдеқай…

0
0
367

General Electric Қазақстанмен темір жол жолдары саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға дайын

Біз Қазақстанның темір жол жолдарының жұмыстары саласына жаңа тиімділікті енгізу үшін жұмыс жасауға дайынбыз және біздің ұзақ мерзімді серіктестік орнататынымызға сенеміз. Бұл туралы Ресей, ТМД мен Еуропа елдері бойынша General Electric Transporation компаниясының бас менеджері Гохан Бейхан Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы барысында айтты. «Мен Қазақстан Үкіметін, сондай-ақ қазақстандық темір жол жолдарының серіктестерін Қазақстандағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастың жетістігіне сенетіндігімізге көндіргім келеді. Біз жобада тартымды болуға дайынбыз және Қазақстан үшін теміржол жолдарының жұмыстары саласында жаңа тиімділікті енгізуге көп еңбектенетін боламыз. Сол себепті өндірістік салада бірлескен ынтымақтастығымызға сенеміз»,-деді Г.Бейхан. Бас менеджердің айтуы бойынша, ҚТЖ мен G…

0
0
438

БҚО Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 60-тан астам ірі шаралар өткізеді

Батыс Қазақстан облысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қызу дайындалып жатыр. Мерекеге орай, облыста жаңадан бірнеше нысан пайдаланылуға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов айтты. «Тәуелсідіктің 25 жылдығына орай, 20 қараша мен 15 желтоқсан аралығында "Жұлдызды 25 күн" өткізіледі. Одан бөлек, 60-тан астам ірі шаралар ұйымдастырылады. Атаулы мерекеге орай бірнеше әлеуметтік нысан пайдаланылуға берілді. Сонымен қатар Орал қаласының тұрғындарына 90 мың шаршы метр яғни 1562 пәтер кілті тапсырылады. Оқушылар сарайы, көпсалалы ауруxана желтоқсан айының басында ашылады. Қазіргі таңда облыста 7150 жұмыс орыны ашылды. Соның ішінде "Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 2235 адам жұмыспен қамтылды. Үш ауысымдық мектепт…

0
0
250

307 мыңнан астам қазақстандыққа «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді

ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше, «Денсаулық жолы – 2016» акциясының аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар (эндокринологтар, пульмонологтар, кардиологтар, педиатрлар, офтальмологтар, онкологтар, фтизиатрлар, ЖИТС-пен күрес аймақтық орталықтарының қызметкерлері) 307 мың 965 адамды медициналық тексеруден өткізді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге…

0
0
213