Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себепті айтты
Ұлттық экономика министрлігі нарықтардың балансын зерттеп, азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін 4 нақты себепті анықтады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында. I. Әлемдік нарықтағы баға жағдаятының өзгеруі және импорттық тауар жеткізілуіне ұлттық валюта әлсіреуінің әсері. Олар бойынша отандық тауарларды қолдану пайызы 60%-ға тең: ірімшік (16,7%), сүзбе (55,8%), құс еті мен тауық (41,6%), тары (55,1%), ұнтақталған қант (56,4%). II. Табиғи монополиялар бағасының өсуі (электр энергиясы, су) және ЖЖМ бағасының 2015 жылы 15,6%-ға өсуі. 2015 жылдың бірінші жартыжылында электр энергиясының тарифі 7,9 пайызға өскені азық-түлік бағасының өсуіне әсер етті. III. Маусымдық өзгерулердің әсері. Жыл сайын қоймаларда өнімнің аздығына байланысты өнімнің бағасы да…