Қазақтың мақал-мәтелдері
Бұл менің алғашқы жазбам, сондықтан егер нашарлау шықса, қатты жамандамаңдар. ))Кеше белгілі мақал іздеп, бір керемет сайтқа кезіктім (massagan), сондағы берілген мақал-мәтелдерді назарға ұсынамын.Авторы: Әбдіуақап Қара, Тарих ғылымдарының докторы, СтамбулИт – тойған жеріне, Ер – туған жеріне.Кісі елінде сұлтан болганша, Өз елінде ұлтан бол.Өз елім – өлең төсегім.Мал конысын іздейді, Ер жігіт туысын іздейді.Ел-елдің бәрі жаксы, Өз елің бәрінен жаксы.Іргесі берік елді Жау ала алмас, Ауызы бір елді Дау ала алмас.Сұңкар кыясын сағынады, Торгай ұясын сағынады.Ұлтарактай болса да, Ата конысы жер кымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел кымбат.Жат елдің жаксысы болганша, Өз еліңнің сакшысы бол.Есі бар жігіт елін табар, Есі жок жігіт жаттың отын жагар.Ырыс алды – ынтымак.Бірлік болмай – тірл…