Бүгін біз Атырау қаласына келіп, НЗМ жатақханасына орналастық. Пойыздан түскенде Атырау НЗМ оқушылары бізді жылы қарсы алып, бар қонақжайлығын көрсетті. Бізге қазақтың ұлттық қымызы мен бауырсағынан дәм татқызғаннан кейін, флешмоб биін биледі. Шынында, біз қатты таңғалып, осындай кішкентай тосынсыйға мәз болдық. Кейін, автобусқа отырып, мектепке де жеттік. Атырау қаласындағы Зияткерлік мектеп біздікінен қатты өзгеше болған. Бөлмелерге орналасып, квест ойынын ойнағаннан кейін, біз басқа оқушылармен достастық. Кешкі асты ішіп,спортзалда болған би кешінде билеп, ұзақ жолдан дем алдық. Бүгінгі күн маған қатты ұнады. Мен көптеген жаңа достар тауып, Атырау қаласы туралы ой-өрісімді кеңейттім.