Армандардың мекені -әсем қалашық
"Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу", - деп әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби айтып өткендей білімді болу үшін, адам баласы үнемі ізденісте, талпыныста болу керек. Білімді, жан-жақты дамыған, ізденімпаз,заман талабына сай, бәсекеге қабілетті еліміздің ертеңгі болашағы болған көптеген жастар арман қуалап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп жатады . Университет білім іздеп келген жастардың жүрегін өзінің әсемдігімен, дарынды жастарға берер мол мүмкіндіктерімен тез-ақ жаулап алады. Міне, нағыз ғылым іздейтін, жаңалық ашуға бағытталған алғашқы қадамдар осы тұста басталады... Университеттегі алғашқы күндерден-ақ таңдауымыздың дұрыстығына, мақсатқа жетудегі бағытымыздың айқындығына көз жеткізуге болады.. Мұнда өз ісінің білікті мамандары мен кәсіби…