Жамбыл Ахметбековтің халықтық үш бастамасы
Біздер бос уәделер мен насихаттық оптимизмдерден әбден шаршадық. Қазіргі таңда билікке деген сенімділіктің деңгейі нақты нәтижелермен тікелей байланысты. Ненің не екенін ашық айтатын, қоғамдағы әлеуметтік дерттерге нақты диагноз қоятын уақыт жетті. Мен жаңа әлеуметтік бағыттың негізі болатын халықтық үш бастаманы жарияламақшымын. Мемлекеттің өзінің әлеуметтік міндеттерінен қашқақтауы үздіксіз жалғаса беруі мүмкін емес. Өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру – кез келген биліктің негізгі міндеті. Қазақстан үшін бұл – ұлттық табысты әділ түрде бөлу. Мемлекетімізде күнкөрістің ең төменгі көрсеткіші базалық әлеуметтік стандарт болып есептелетіні белгілі. Үкімет осыған бағыттала отырып, бюджет пен бүкіл әлеуметтік саясатты қалыптастырады. Бүгінгі таңда ол 15 338 теңг…