Сіз үшін Оғыз Доған кім?
Иа, ойландыратын жағдайлар күннен күнге көбейіп бара жатыр.. Ал мен де Эйр Астана туралы бір нәрсе жазбасам, дамыл таппай кеттім ғой. Бұл мәселені бақылап жүрген жоқ едім. Естуім болды, бірақ оқымадым. Жана тағы бір желіде сол оқиға көзіме түскен соң, көрейінші осы дедім. Видеоны көрдім, мақаланың түр-түрін оқыдым. Эйр Астананың да, Оғыз Доғанның да айтқандарын оқыдық, зерттедік барынша. Қалыптасқан ой біреу: Түрік азаматы "принципқа" барып отыр. Неге талап етпеске дейді ол? Менің құқығым жоқ па? Әлде мен қазақ ұлттық әуекомпаниясының жолаушысы емеспін бе? Мен не басқа ел әуекомпаниясының ұшағында отырмын ба? Бұл жерде Доған орысша немесе ағылшынша түсінсе де оған бәрібір. Ол қазақша сөйлескісі келеді. Неге бізге қазақша түсіндіре алмайды? Сөз жоқ, Эйр Астана әлемдегі әуекомпаниялардың мы…