Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Мен бақыттымын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Бақыттымын, қараңдаршы барлығың,

Жүрегімнің, дүрсіліне бағындым.

Өзіңменен, бүгін келді, бар бағым,

Көрсемдағы, қайта сені, сағынамын.

 

Шыбықтай, мынау тал беліңнен,

Қуат алдым, сенің қара көзіңнен.

Табылды ғой, іздегенім, бір сенен,

Естей берші, сүйгенімді, сен менен.

0
1
2097

Түктібай ата «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов - Айгүл Сағымбайқызы

Была большая, у меня мечта,
Земля моя, историей полна.
Я к Вам приду, вновь, Туктыбай ата,
На звук кобыза, манящая меня.

И к Вам, стекались, люди допоздна,
Лечил кобыза звуками, ата.
Душа людей, надеждою полна,
Что ходатайствует, опять за нас, ата.

Аллах услышит, просьбы и слова,
Возможно и желания ата.
Такая славная, в народе есть молва,
Пусть явью будет, долгая мечта.

Прочтем Коран, мы в памяти ата,
Мы, воззовем к Аллаху, все слова.
Пусть будет на душе, всегда покой,
И будет счастье, в жизни нам, земной.

1
2
5572

Құлшылық және сенім «Мен, келдім бүгін, жағаға»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мен, келдім бүгін, жағаға,

Жаратқан ием, Аллаға.

Ризамын, Өзіңе, тек қана,

Өмірдің артығы, Сен ғана.

 

Біліп бір, енді білмей бір,

Жасаған кінәмді, кешіре гөр.

Білмедім, таза, қайсы кір,

Адастым, Алла, сене гөр.

 

Ағынмен кеттім, тоқтамай,

Жинадым кінәні, маржандай.

Құлшылық жасауға, жарамай,

Өзіме, ұнады бұл жағдай.

 

Аллаға, берген сертімді,

Биіктен көрініп, ұмыттым.

Байлық пен, жаптым көзімді,

Мақтаныш, өтірікке, мен баттым.

 

Ал, Аллам, мені ойлап, бір түнде,

Байлықты жоғалтты, бір күнде.

Жалаңаш қалдым, мен пенде,

Қасиетім Алла, тек сенде.

 

Құраным, болсын жарығым,

Намазым, болсын серігім.

Аятың, Алла, бар бағым,

Сен үшін, болсын өмірім.

1
3
526

Қош махаббат «Сеніп едім, өзіңе

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сеніп едім, өзіңе,

Сүйемін деген сөзіңе.

Қараушы едің, көзіме,

Енді кеттің, жөніңе.

 

Айтшы сенем, мен кімге,

Тұрмассың, енді өкпеме?

Білемін байлық, жоқ менде,

Бірақ, ол да қалар, бір күнде.

 

Болғаны ма, махаббат,

Бүгінгі күнде, сатымды?

Қайда сезім, инаббат,

Күйдіріп барады, жанымды?

0
1
444

Дәрігер және науқас

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Өмірдің, құны не болған,

Дәрігер, сауда да болса?

Ақша, ақша, тек маған,

Өзінің көңілі, тек толса.

 

Жылап тұрған, балаға,

Жол көрсетті, далаға.

«Еңбегімді бағала,

әкел ақша, сен бала»

 

Өлім менен, таласып,

Науқас жатты, қиналып.

Әрең, әрең жалынып,

Қала берді, ол жатып.

 

Сонда дәрігер, қиналды,

Өз баласын, ол көріп.

Сорлы әке, зар жылап,

Қайта, қайта шақырды.

Аспанға қарап, айғайлап,

«Кешіре гөр, мені соқырды»

 

Құнсыз болған өмірді,

Қайтып бүгін жалғаймыз.

Байлық бізге не берді,

Иманда неге болмаймыз.

0
1
610

Сағынамын сені, мен жаным

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

   

Сағынамын сені, мен жаным

Тағдыр берген, шын бағым

Қалайша болғаның, сен сағым

Іздеумен болып, мен қалдым

 

Өкініш, болмашы сен маған

Өртейді-ау жүректі, сол сағым

Бар әлем, сөнгендей, тек маған

Жарқ етіп, бір көрінсең, бақ тағым

 

Өкініш, өртеп барады-ау

Жүрегім сен деп, соғады-ау

Сусыз гүлде, солады-ау

Әттең, қиял қалады-ау

 

Салқын, менің самалым

Жарық, менің жұлдызым

Барма еді, басқа амалым

Іздеумен, өтер ғұмырым

0
1
1138

Қайран шіркін өмір-ай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Қайран шіркін өмір-ай,

Зырылдап, өтіп барасың.

Көзді ашып жұмғандай,

«Береке», «Бақыт» - қайдасың?

 

Қайран шіркін заман-ай,

Қалт-құлт еткен арман-ай.

Жүректе жатқан зарымды,

Қиналып тағы айта алмай.

 

Түсінер мені барма екен,

Жылаумен өткен түндер-ай?

Өмірдің заңы сол ма екен,

Жолдасым болды «Түн» мен «Ай»?

0
3
1427

Бесік жыры, «Әлди, әлди бөпешім»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Әлди, әлди бөпешім,

Әнімді айтып берейін.

Аялап, сені жүрейін,

Өскеніңді, көрейін.

 

Былдырлаған тіліңнен,

Айналайын бөпешім.

Таптым, бақыт өзіңнен,

Ұйықтай ғой, енді көкешім.

 

Сұрап алдым Алладан,

Тапқан жоқпын даладан.

Өзіңде ғой бар арман,

Болдың бізге сен жалған.

 

Әлди, әлди бөпешім,

Бақыт саған тілегім.

Ұйықтайғой енді көкешім,

Алтын менің бөпешім.

1
1
38405

Бомждардың өмірі

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

«Кешіріңіз деп, аз ғана»

Жұрттан, сұрады ақшаны.

Бар керегі, сол ғана,

Бір тамақ еді, арманы.

 

Ер болып тырысты, көрсетпей,

Көзге оралған, сол жасты.

«Болып едім мен сендей»

Іштей ойлап, ол жатты.

 

Тәлкегі, еді заманның,

Көбейді – ау мұндай ағайын.

Ұрып жықса, жылайсың,

Сорлы басты, аяйсың.

 

Сабыр тілеймін, еліме.

Аяныш болсын, жүректе,

Қонсын бақыт, жеріме,

Жақсылық болсын, тілекте.

0
1
454