Жетімдер, Туғаннан аты, «Тастанған» (Жетімдер үйі)
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Қиямет, қайдан табылған? Жетім боп, сәби аталған. Сәбидің бары, бір арман, Табылса ана, қасынан. «Анашым, болайын, саған сеп, Алладан, сұрарым, бар тілек. Анамды, кешіре гөр, сен жебеп, Анасыз, бұл өмір, не керек?» Тоқ болса да тамағы, біледі, Аңсаған, оның, жүрегі. Болса да, жоқтық, көнеді, Тек ана, оның тілегі. Арманы еді, сәбидің, Ата – анам, келсе екен деп. Құшағын, көрсе ананың, Өмірі, сонда кетпес тек. «Айтарым, келсе анама, Керегім, аңсауым, сен ғана. Сағындым, жанымды аяла, Мен үшін, бақытсың, сен ғана» Жаутаңдап, қайта қарайды, Мағанда, мүмкін, келер деп. Үмітпен күнін, санайды, Кім оған, болар, енді сеп? Болушы еді, жан арман, Сәбилі болу, әрбір жан. Тағдыры, солай жазылған, Туғаннан аты, «Тастанған» Қиямет болды-ау, бұл жалған, Cәбидің көзі, жас…