Үкіметтік жұмыс тобы Маңғыстау облысына барды
Жаңаөзен қаласының халқымен кездесуді аша отырып, Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін қабылдауды тапсырғанын атап өтті.«Бүгінде Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шаралары іске асырылып жатыр. Олар халықтың аз қамтылған топтарын барынша қолдауды және табысты арттыруды, кірістері төмен азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуді, білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруды, өңірлерді дамытуды және т.б. көздейді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары. Г. Әбдіқалықова халықпен кездесуден кейін Жаңаөзен қаласындағы тігін зауытына барды, онда 340-тан астам адам жұмыс істейді (жұмысшылардың 9…