Аида Балаева: Әлемнің жетекеші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
Қазақ жазушылары мен музыканттарын шетелде таныту, «Рухани Жаңғырудың» жаңа кезеңдері, ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева айтып берді. - Аида Ғалымқызы, осыдан біраз бұрын сіз Франция, Ұлыбритания мен Испания елдерінде болып, сол жақтағы белді баспалардың басшыларымен кездесіп, отандық авторлардың кітабын шығаруға келісіп келдіңіз. Қол жеткізілген келісім туралы толығырақ айтып бере аласыз ба? - «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тобының жұмыс нәтижесі жайлы қысқаша айта кетейін. Қазіргі таңда жүйелі түрде біздің әдебиеттің, музыка мен суретшіліктің, хорегорафия, кино мен театрдың жетістіктерін шетелде насихаттау жұмысы жүргізіліп жатыр. Әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже бар…