Уақыт белдеуін ауыстыру дұрыс шешім болды ма – дәрігермен сұхбат
Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өткен еді. Жаңа уақытқа қарсы шыққан тұрғындар петиция жариялап, қажетті 50 мың қолды жинады. Жаңа уақыт белдеуі шынымен ағзаға зиян ба? Бұл сұраққа Астана Медицина университетінің Профилактикалық медицина ҒЗИ ғылыми қызметкері, петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Жанна Нұрберген жауап беріп, агенттік тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.− Жанна Нұрбергенқызы, осы күнге дейін уақыт белдеуіне қатысты түрлі ғалымдарды тыңдап келдік. Енді сіз дәрігер тұрғысынан айтыңызшы, уақыт белдеуін ауыстыру шешімі дұрыс болды ма? Бұл қазақстандықтардың ағзасына қалай әсер етті?− Жалпы уақыттың бір сағатқа шегерілуі ағзаға айтарлықтай көп өзгеріс әкелмейді. Бірақ қазір петиция жарияланып, кей тұрғындар уақытты кері қайтар…