ҚКХП ұсынған ҚР президентігіне кандидат Т.Сыздықовтың Қостанай қаласы «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымының өкілдерімен өткізген кездесуі
Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Қостанай қаласында «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымының өкілдерімен кездесті. Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі аспектілерін ұсынды. Коммунистер үшін марксизм – қоршаған өмірдің өзгеруіне, қоғамдық дамудағы жаңа құбылыстар мен деректерді жинақтап, мәнін түсінумен байланысты ұдайы дамып келе жатқан жасампаз ғылым болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизм мен Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының бағдарламалық ұстанымдарын және оның қызметін насихаттау қажет. Бүгін мен қазіргі заманда адамгершілік құндылықтарын өзгертетін негізгі мәселелер туралы партияның атынан мәлімдеп отырмын. Тек коммунистер ғана…
